» » Данияр Елеусінов кәсіби рингте екінші жеңісіне қол жеткізді (видео)

Данияр Елеусінов кәсіби рингте екінші жеңісіне қол жеткізді (видео)


Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов кәсіби рингтегі екінші жекпе-жегінде венгриялық Золтан Шабоны жеңді.

Бұл туралы  SPORTINFORM-ге сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Лондондағы «York Hall» орталығында қазақстандық боксшы, «Matchroom Boxing» компаниясының жұлдыздарының бірі Данияр Елеусінов кәсіби рингтегі екінші жекпе-жегін өткізді. Оның қарсыласы венгриялық Золтан Шебо болды.
6 раундқа созылған жекпе-жек қазақстандық боксшының (60-54) жеңісімен аяқталды.



http://stan.kz
07 маусым 2018 ж. 851 0