Өзгерістерді өзіңнен баста!

Жоба мемлекеттік қызметшілердің жүріс-тұрысы мен санасын өзгертуге көзделген. Одан бөлек, мемлекеттік органның ұйымдастырушылық, ауызбіршілік, жауапкершілік қабілеттерін жетілдіруге негізделген.
Бұл жобаның мақсаты қызметкерлерді спортқа баулу, санасын өзгерту және жұмыстан тыс уақытты тиімді пайдалану. Күтілетін нәтиже – қызметшілердің бойын сергек ұстауы, түрлі стрестерден арылуы және салауатты өмір салтын ұстанып денсаулықты жақсартуы.
Сонымен қатар, жобаның басты мақсаты – дәстүрлі бюрократиялық үрдістерден бас тартып, еңбекті заманауи және тиімді тәсілдерге бейімдеп ұйымдастыру. Мемлекеттік аппараттың жаңа ұйымдастырушылық мәдениеті, бәсекеге қабілетті мемлекеттік қызметкерлер және халық үшін елеулі өзгерістер бұл жұмыстың қорытындысы болары сөзсіз.
Нұрсұлтан Бахтияр,
аудандық мәслихат аппаратының инспекторы.