Жазғы Азиада ойындарында ел намысын 8 каратэші қорғайды
Каратэден 18 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында өтетін Жазғы Азиада ойындарында каратэден ел намысын қорғайтын спортшылар белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР ҰОК-тың баспасөз қызметі мәлім еткендей Азиада ойындарында Қазақстан намысын 8 каратэші (4 ер, 4 әйел) қорғайды. 2018 жылы Джакартада өтетін Азия ойындарына қатысатын каратэшілер құрамы жарияланды. Ерлер арасында 60 келі салмақ дәрежесінде Дархан Асаділов, 67 келіде Дидар Әмірәлі, 75 келіде Ермек Айназаров, 84 келіден жоғары салмақта Данияр Юлдашев бақ сынайды. Әйелдер арасында 50 келі салмақ дәрежесінде Мөлдір Жаңбырбай, 55 келіде Сабина Захарова, 61 келіде Мәдина Өтелбаева, 68 келіде Гузалия Гафурова жекпе-жекке шығады. Еске сала кетейік, Джакартадағы Азия ойындары 18 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында өтеді.
Пікір 1