» » «Астана» & «Қайрат»: Қай клуб жазғы трансферді тиімді пайдаланды?

«Астана» & «Қайрат»: Қай клуб жазғы трансферді тиімді пайдаланды?


Еліміздегі футбол клубтарының арасында бүгінгі таңда «Астана» мен «Қайраттың» басқа командаларға қарағанда шоқтығы биік. Қаржылық мүмкіндігі, ойыншыларының деңгейі жағынан болсын аталған қос клуб алда тұр. Соңғы 5 жыл көлемінде ел біріншілігінде чемпиондық дәл осы екі клуб арасында өрбіп жүргені де жасырын емес. Бірақ әзірге «Қайрат» елорда клубының алдын орай алмай жүр. Осы ретте Қазақстанның миллион тұрғыны бар қалаларының намысын қорғап жүрген «Астана» мен «Қайраттың» жазғы трансферді қалай тиімді пайдаланғанын сараптап көрсек.

Елорда клубы осы жылдар ішінде «Қайратпен» салыстырғанда трансферлік саясатта жолы болып жүрген команданың бірі. Неманья Максимович, Иван Маевский, Патрик Твумаси, Ласло Клянхайслер, Марин Аничич және т.б ойыншылар клуб басшылығы мен бапкерлер штабының сенімін толықтай ақтады десек болады. Тіпті, бас бапкер таңдауда да «Астананың» бәсі жоғары. Станимир Стойлов 4 жыл қатарынан команданы ел біріншілігінде жеңіске жеткізді. Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының топтық кезеңіне шығарды.
«Астана» ойыншы алудан ғана емес, оны сатудан да басқалардан озып тұр. Қыста Жуниор Кабананганы Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубына 2 миллион еуроға сатты. Ал жақында Патрик Твумасиді Испанияның «Алавес» клубы өз қатарына қосты. Бейресми деректерде ганалық шабуылшы 2,5-3 миллион еуроға бағаланғаны айтылып жүр.

Биылғы клубтың жазғы трансфері әзірге көңіл күдік ұялатады. Шілдеде командаға қосылған ойыншылардың көбісі спорттық бабына келіп үлгермеген. Оны еурокубоктағы матчтарда байқап жүрміз.

Биылғы жылдың үздік трансфері деп Антонио Рукавинаны айтуға болатын шығар. Сербиялық легионер «Боруссия Дортмунд», «Вильярреал» клубтарында ойнаған. Айтпақшы, Рукавина осы жылы әлем чемпионатына қатысты. Топтық кезеңде әлемдегі ең қымбат футболшы Неймарға қарсы ойнағанын футбол жанкүйерлері жақсы біледі.

Сонымен қатар «Астананың» бас бапкері Роман Григорчук өзіне жақсы таныс Әзербайжан чемпионатында ойнаған Педро Энрике мен Ричард Алмейданы шақырды. Бұл бразилиялық футболшылар Әзербайжанның «Карабах» клубында ойнаған. Transfermarkt.de порталы Энрикені 3 миллион еуроға бағалап отыр.

Футболшы «Астана» сапындағы алғашқы ойынын Чемпиондар лигасындағы екінші кезеңінде «Митьюлланд» клубына қарсы өткізді.

– Маған Еуропадан салмақты ұсыныстар түсті. Бірақ кәсіби келіссөз тұрғысынан «Астананың» ұсынысы тиімді болды. «Астана» клубының өкілі менен не күтетінін толық түсіндірді. Бұл мен үшін жаңа тәжірибе. Енді клуб басшылығы мен бапкерлер штабының және жанкүйерлердің сенімін ақтау үшін барлық күшімді саламын. Қазақстанға келгеніме қуаныштымын. Бұған дейін болып көрмеген едім. Жаңа заманға сай мегаполис қаланы көрдім. «Астана» – Ұлы дала астанасы дегенді оқыған едім. Енді соған өз көзімді жеткіздім. «Астана» Еуропадағы жеңістерінің арқасында қаншама футболшылардың карта қарап, Қазақстанды іздеуіне жол ашты. Мен «Реннде» жүргенде-ақ «Астананың» Чемпиондар лигасындағы сенімді ойынын тамашалағанмын. Сол кезде риза болып едім, дейді Педро Энрике «Астана» клубының баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Тағы бір назар аударатын трансфер шабуылшы – Рангело Янга. 26 жастағы шабуылшы Голландияның Роттердам қаласында дүниеге келген. «Қызғалдақты» елдің әртүрлі жастағы құрамасында доп тепкен. Кейіннен өзінің тарихи отаны Кюрасаоны (Нидерландиялық Антиль аралдары) таңдаған. Ол өз ұлттық құрамасы сапында 2017 жылы Кариб Кубогында жеңіске жеткен. Рангело Янга Кюрасао құрамасы сапында 10 ойын өткізіп, 4 гол соққан.

Футболшының соңғы командасы Бельгияның «Гент» клубы болды. Бұл клуб сапында 17 ойынға қатысып 5 гол соққан. Сондай-ақ 4 нәтижелі пасы бар.
– Мен «Астана» футбол клубы туралы өзімнің бұрынғы командалас әріптесім украиналық Роман Яремчуктан естідім. Сол ойыншы арқылы клуб өкілдері маған байланысқа шықты десем болады. Мен өз кезегімде одан клуб туралы, бапкерлер құрамы туралы сұрап білдім. Осы жылы маусымға дайындықты «Гент» сапында бастап, алайда, «Астана» командасынан ұсыныс түскеннен кейін ұзақ ойланбастан, үш апталық келіссөздерден кейін осында келдім. Енді бірінші кезекте әр ойында алаңға шығып, гол соғу арқылы командаға өз үлесімді қосқым келеді. Әрине, «Астана» командасы кезекті мәрте чемпиондыққа таласып жатқандықтан, осы мақсатқа жетуі үшін барымды салатын боламын, – дейді Рангело Янга «Астана» клубының баспасөз қызметіне берген сұхбатында.


Айтпақшы, «Астана» жыл басында Конголық шабуылшы Жуниор Кабананганы Сауд Арабиясның «Әл-Наср» клубына 2 миллион еуроға сатқанын айтып қалдық қой. Жазғы трансферде елорда командасы аталған футболшыны бір жылға жалға алды. Есесіне, клубтан шабуылшы Джордже Деспотович, жартылай қорғаушы Марко Станоевич, қорғаушы Игорь Шитов кетті. Жас футболшы Юрий Перцух «Атырауға» ауысты. Ал клубтың соңғы 4 маусымдағы лидері болған Патрик Твумасиді «Алавес» сатып алғанын жоғары да жаздық.
Бас бапкер Роман Григорчук трансфер көңілге толатынын айтып отыр.

– Біз команданы жақсы жасақтадық. Сол үшін клуб президентіне алғыс білдіремін. Бірақ жаңа ойыншыларға әзірге толық сенім арта алмаймыз. Олар әлі маусымға толық дайын емес. Уақыт өте келе өз баптарына келеді. Жалпы, біз өзіміз қалған ойыншыларды алдық. Сондықтан клубтың трансферіне көңілім толады, – дейді Роман Григорчук «Астана» клубының баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

                                                                             «Қайрат»

Алматы командасы көп жағдайда маркетингке қатты мән беретінін байқап жүрміз. Андрей Аршавин, Анатолий Тимощук секілді Еуропаның беделді клубтарында танымал футболшыларды шақырғаны да соның айғағы. Сосын «Қайрат» көп жағдайда тәжірибелі ойыншыларды көптеп тартады.
Биылғы трансферлеріне тоқталып өтсек. Көктемде «Қайратқа» келген ойыншылар жанкүйерлердің де, бапкерлер штабының көңілінен шыққан жоқ. «Израилдің Мессиі» атанған Гай Ассулин Алматыда бар-жоғы 45 күн ғана тұрақтады.


Жерар Гоудың орнын басады деген 24 жастағы уругвайлық шабуылшы Уго Сильвейро да көп шыдамады. Уругвайдың «Насьонал» командасынан жалға келген футболшы қайтадан отанына кетті. Ол Алматыда 14 ойын өткізіп, 4 гол соқты.


– «Қайрат» үшін Жерар Гоудың қаншалықты маңызды болғанын жақсы білемін. Ол осы жердің барлығының қошеметіне бөленді. Бірақ Жерар – ол Жерар. Ал мен – ол мен. Біз бір-бірімізге ұқсамаймыз. Екеуімізді әлі талай салыстыратындарыңызды білемін. Дегенмен, Жерар енді өткен тарих. Мен болсам, қазіргі «Қайраттың» шабуылшысымын. Осындай алдына жоғары мақсат қоятын клубтың мүшесі болғанына қуаншытымын. Енді алаңда 200 пайызға күшімді салып ойнаймын. Бапкерлер штабы тарапынан сенімді сезінемін. Ойыншыларда өздерінің көмектерін аянып қалып жатқан жоқ. Физика жағынан менде ешқандай проблема жоқ. Тек басқа чемпионаттан, басқа құрлықтан келген бейімделу үшін уақыт қажет, – деп еді көктемде «SPORTINFORM» берген сұхбатында Уго Сильвейра.



Бұл екеуінен бөлек, командадан норвегиялық шабуылшы Чума Анене де кетті. Ол биыл 9 ойынға қатысып, 4 гол соққан.
Есесіне, олардың орнына Украиналық Адеринсола Эсеола мен Венгриялық Мартон Эппельді алды. Екеуі де бұрынғы шабуылшылармен салыстырғанда жиі гол соғып жүр. Маусым басында «Ақжайық» командасында жақсы қырынан көрінген Эсеола Еуропа лигасында «АЗ Алкмаарды» жарыстан шығарып тастауға бірден-бір үлес қосқан футболшы.


Мартин Эппель болса «Энгордани» қақпасына 5 гол соққан еді. Ішкі біріншілікте де көзге түсіп жатыр.Қорғаныс шебін күшейтуге Беларусь құрамасының ойыншысы Сергей Политевич («Генчлербирлиги») келді.


«Қайраттың» осы жаздағы трансферін сапалы деп айтуға болады. Бұрынғыдай маркетинг жарнама үшін пиары көп футболшыларға әуестенген жоқ.

Ең бастысы, клуб «Астананың» гегомониясын тоқтата алса, Боранбаев мырзаның клубтың селекциялық жұмысына көңілі толары анық.
Балапанды қоңыр күзде санайтын секілді «Астана» мен «Қайраттың жазғы трансфердегі нәтижесін күз мезгілінде байқайтын боламыз. Егер екі клуб та еурокубок ойындарында сәтті өнер көрсетіп, ішкі чемпионатта бір-біріне лайықты қарсылық көрсетіп жатса, онда трансфердің сәтті болғаны деп толық айта аламыз.


Baq.kz

16 тамыз 2018 ж. 558 2

Гость Jeaplause от 24 ақпан 2019 13:48
Priligy Farmacias Benavides Vente En Ligne Kamagra Viagra 100 Mg Forum viagra Buy Levitra

Гость Jeaplause от 13 наурыз 2019 15:43
Cialis Comprar Valencia order cialis online Fast Shipping Viagra Online

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 664

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30