Қазақ тоғызқұмалақшылары Монғолиядан жүлдемен оралды
Тоғызқұмалақтың рапид /20 минуттық ойын/ түрінен үшінші орынды иеленді.
Тоғызқұмалақ ұлттық ойынынан ересектер арасында өткен Азия чемпионатына Бәйдібек ауданынан қатысқан Бейбарыс Батырбек жүлдемен оралды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Тоғызқұмалақ ұлттық ойынынан ересектер арасында өткен Азия чемпионатына Бәйдібек ауданынан қатысқан Бейбарыс Батырбек жүлдемен оралды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
- Чемпионат Монғолияның Баян-өлгий аймағында өтті. Бұл додада бақ сынасқан Бейбарыс тоғызқұмалақтың рапид /20 минуттық ойын/ түрінен үшінші орынды иеленді, - дейді жас спортшының жаттықтырушысы Қалабай Қасқатаев. Аудандағы №1 спорт мектебінің оқушысы Бейбарыс Батырбек чемпионаттың арнайы дипломы мен қаржылай жүлдесін алып қайтты.
ERNUR.KZ