» » Тарихтағы ең төмен нәтиже: Азиада ойындары Қазақстан үшін сәтсіз болды

Тарихтағы ең төмен нәтиже: Азиада ойындары Қазақстан үшін сәтсіз болды

Тарихтағы ең төмен нәтиже: Азиада ойындары Қазақстан үшін сәтсіз болдыБүгін Индонезияда өтіп жатқан Азиада ойындарының қорытынды күні. Біздің отандас спортшыларымыз ойын көрсетуді кеше аяқтаған, сондықтан бүгінгі ойын нәтижелері медальдік есепте Қазақстанның қорытынды орнына еш әсер етпейді, деп хабарлайды Stan.kz  Sportinform агенттігіне сілтеме жасап.

Жарыс нәтижесі бойынша қазақстандық атлеттер жалпы есепте тоғызыншы орынға жайғасты.
Тарихтағы ең төмен нәтиже: Азиада ойындары Қазақстан үшін сәтсіз болды
Айта кетсек, бұрын соңды Қазақстан әрдайым Азия мемлекеттерінің үздік бестігіне ілініп жүрген. Алайда биылғы Азиада-2018 ойындары қоржынымызға түскен алтын (15) мен күміс (17) медальдарының саны бойынша Қазақстан үшін ең сәтсіз болды. Тек қола жүлде бойынша отандастарымыз өз рекордын 44 медальмен орната алды.
Медальдік есептің үштігіне Қытай, Жапония және Корея мемлекеттері кірді. Төртінші орынға ойындар өтіп жатқан Индонезия елі орналасса, көршілес Өзбекстан бестікті аяқтады.
Естеріңізге салсақ, қазақстандық ватерполшылар ақтық кезеңде алтын жүлдеге ие болып, Азиада ойындарында қатарынан үшінші рет чемпион атанған болатын. 
02 қыркүйек 2018 ж. 869 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930