» » Головкин мемлекеттік гимнді шырқауға қарсы ма? Проумоутері жауап берді

Головкин мемлекеттік гимнді шырқауға қарсы ма? Проумоутері жауап берді

Головкин мемлекеттік гимнді шырқауға қарсы ма? Проумоутері жауап берді

WBC, WBA (Super) және IBO чемпионы Геннадий Головкиннің (38-0-1, 34 КО) промоутері Том Леффлер әріптесі Оскар Де Ла Хойяның «қазақстандық боксшы мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-2, 34 КО) қарымта жекпе-жек алдында ұлттық гимнді орындаудан бас тартты» деген сөзіне жауабын берді. Бұл туралы vesti.kz жазды.

Де Ла Хойяның сөзінше, мұндай ұсынысты Головкиннің командасы айтқан. Осылайша, ол қазақстандықтың отансүйгіштігіне күмән келтіреді 

«Головкиннің адамдары жекпе-жек алдында Қазақстан, Мексика мен АҚШ гимндерінің орындалғанын қаламай тұр. Тағы қандай талап қояды? Құдайым-ау, енді жекпе-жекті де өткізбейтін шығармыз? Жәй ғана бар да, жұдырықтассаңшы!" - деген еді Де Ла Хоя.

Ал Леффлер әріптесінің сөзін жалған дейді.

"Оскардың айтқанын алғаш естіп отырмын, бұл жалған», - деп келтіреді Леффлердің сөзін boxing247.com.
«Ал шынына келгенде Головкиннің командасы Қазақстан, Мексика және АҚШ-тың гимндері PPV тарнсляциялар басталмай тұрып орындалуын сұраған. Бұл жекпе-жектердің кідіріссіз өткізілуіне мүмкіндік береді. HBO арнасы бұл ойды қолдап, гимндер үнемі трансляция басталмай тұрып орындалуын қалайды.

Ал Геннадий өз елі Қазақстанның, Мексика мен тұрып жатқан АҚШ гимндеріне құрметі жоқ деу артық, жалған екені анық. Оскар және "Канело" Геннадийге тағы бір кешірім қарыз болды. Бұл Геннадий "Канело" тарапына неліктен сенбейтінін тағы да ашып көрсетіп тұр», - деп сөзін қорытындылады Леффлер.

qamshy.kz



03 қыркүйек 2018 ж. 555 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930