» » СЫРДАРИЯЛЫҚ СПОРТШЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

СЫРДАРИЯЛЫҚ СПОРТШЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Сырдария ауданының тумасы Меруерт Көпболсынова таеквандодан Азия чемпионы атанды.
20 елден 400-ден астам спортшы қатысқан байрақты бәсекеде топ жарып, ел мерейін тасытқан спортшы Атырау қаласында өткен Азия чемпионатында 67 келі салмақ дәрежесінде бақ сынап, үш кездесуінде де қарсыластарын айқын басымдықпен жеңген.
Атап айтқанда, бірінші кездесуін моңғолиялық спортшымен өткізіп, 5/2 есеп айырмасымен келесі айналымға жолдама алған. Ал, екінші кездесуде иорданиялық спортшыны 4/1 есебімен тізе бүктірген. Тартысты өткен ақтық сайыста Өзбекстан мемлекетінің спортшысынан 6/2 есебімен басым түсіп, Азия чемпионы атанған.
– Жеңісімді жерлестеріме, туған ауданыма арнаймын. Қолдау білдірген, сенім артқан барлық азаматтарға алғыс айтамын. Әсіресе, алғашқы бапкерім Марат Алдагергенов ағайға ризашылығымды білдіремін. Бұл жеңісімді жақында ғана кең көлемде тойланған Сырдария ауданының 90 жылдық мерейтойына тартуым деп санаймын,-дейді жас спортшы.
Айта кету керек, бүгінде ұлттық құраманың мүшесі Меруерт Көпболсынова шығыс жекпе-жегінен қара белбеу иегері, спорт шебері және Қазақстан чемпионы атанған.
16 қыркүйек 2018 ж. 816 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 194

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031