Головкиннің промоутері Альвареспен үшінші айқастың қашан болуы мүмкін екенін айтты
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер FightHub-ге берген сұхбатында GGG мен «Канело» арасындағы үшінші айқастың қай кезде болуы мүмкін екенін айтты, деп жазады Stan.kzақпараттық агенттігі.
«БізГеннадий үшін барынша оңтайлы, қолжетімді нұсқаларды қарастыруымыз керек. Екінші айқаста да Головкин жақсы шайқасты. Мен раунд бойынша есептегенде 8:4 болды. Бірақ бұл жолы Альваресті сынға алмаймыз. Олардың жоспары керемет болды. Бірақ, мен Головкин нақты жұдырық жіберді деп есептеймін. Дегенмен, Альварес судьяларды сендіріп үлгерді. Мысалы, Альварестің 12-ші раунды жеңіп алғанына келіспеймін»,-дейді Головкиннің промоутері.Сондай-ақ, ол Головкиннің күресті жалғастыратынын айтты. Оның сөзінше, отандасымыз желтоқсанда немесе көктемде, тіпті мамыр айында күреске шығуға дайын.
«Егер біз Альвареспен үшінші айқас өткізуге келіссек, онда бұл мамыр айында болады. Біз Геннадий, Оскар және Эрик бәріміз ақылдасып, үшінші жекпе-жекті қалай және қашан өткізген тиімдірек болатынын қарастырамыз. Немесе басқа бағытта қозғалу керек екенін шешеміз. Не болса да біз Альвареске тиесіліні беруіміз керек. Ол мені таң қалдырды. Мен Алверес ең болмағанда қорғаныш стилінде күреседі деп күткенмін. Бірақ Головкинге де бұл стиль ұнайды. Не десе де, Головкин ұялатындай ештеңе болған жоқ. Ол жақсы жұдырықтасты. Біз шығарылғанған шешімді құрметтейміз, оған қарсылық көрсетпейміз. Дегенмен, Головкин біз үшін әлі де чемпион бола бермек. Өздеріңізде қарасаңыздар, екінші шайқас біріншіге қарағанда әлдеқайда жақсы болды. Меніңше, үшінші жекпе-жектің де күні алыс емес»,-деді Том Леффлер.
Айта кетейік, бұған дейін Головкиннің бапкері Абель Санчес жекпе-жектен соң ел күтпеген мәлімдеме жасаған болатын.
Stan.kz