» » Головкин бос қалған IBO белбеуі үшін жекпе-жек өткізуі мүмкін

Головкин бос қалған IBO белбеуі үшін жекпе-жек өткізуі мүмкін

 
Бұл туралы  РИА Новостиге  сілтеме жасап, sputniknews.kz хабарлаған болатын. 
Бұған дейін БАҚ-та WBA (Super), WBC және IBO белбеулері үшін өткен жекпе-жекте Головкинді ұпай санымен жеңген Альварес жарна төлеуден бас тартқаны жазылған еді.
Халықаралық бокс ұйымының (IBO) президенті Эд Ливайн РИА Новостиге мексикалық Сауль Альварес қазақстандық Геннадий Головкинмен титулды жекпе-жекте жеңіске жеткеніне қарамастан IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы белбеуін алмайтынын мәлімдеді.
"Альварес шынымен де IBO тұжырымының белбеуін алмайды. Біз онымен келісімге келе алмадық. Бос белбеу екі үміткердің арасында бәске тігіледі. Оның ішінде бұл дивизиондағы рейтингте бірінші орынды иеленетін Головкин де болуы мүмкін ", – деді.
Бұл Геннадий Головкин бос қалған IBO белбеуі үшін жекпе-жек өткізуі мүмкін екенін аңғартады.

А.БЕК.
21 қыркүйек 2018 ж. 870 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 664

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30