Менің әлі екі чемпионым бар: Санчес Головкиннің жеңілісіне мойымайтынын айтты
Бокс бапкері Абель Санчес биыл екі бірдей жекпе-жектен жеңіліс тапқанынан өкінбейтінін айтты.
Шілде айында Мәскеуде ресейлік Мұрат Гассиев төрешілердің шешімі бойынша жеңіліс тапты. Ол бірінші ауыр салмақтағы украиндік Александр Усикпен Әлемдік бокс суперсериясының финалында кездескен еді. Қарсыласы Александр Усик WBC, WBA (Super), WBO, IBF титулдарын иеленіп, абсолютті чемпион атанған.Санчестің жетекшілігіндегі Головкиннің де Гассиевтің де жеңілісі мансабындағы бірінші жағдай. Алайда Санчес оған өкінбейтінін айтты.
“Ешқандай өкініш жоқ. Менің залымда жеңіс пайызы 92-ге тең. Головкиннің еншісінде нокаут жоғары пайызда, титулды қорғау пайызы 20. Гассиев мықтылармен күрескен жарыстың финалына дейін барды. Біздің жеңісіміз біздің жүйемізге байланысты. Менің залымда жаттығып жүрген әлі екі чемпионым бар”, – деді Санчес.
Stan.kz