» » Қарызға батқан "Ақтөбені" басшылар 100 миллион теңгеге сатпақшы

Қарызға батқан "Ақтөбені" басшылар 100 миллион теңгеге сатпақшы

апиÑвÑ

Осы уақытқа дейін бірнеше рет "Ақтөбе" футбол клубын аукционға қойған өңірдің қаржы басқармасы тендер жариялады. Олар танымал команданы 100 миллион теңгеге сатып жібермекші деп хабарлайды КТК арнасы.

Алайда бұл қаржыны толығымен өтеген күнде де жаңа қожайын клубқа 100% ие бола алмайды екен. Себебі қолына алған күннен бастап жеті жылға дейін сенімхатпен ғана басқарады.

Сонымен қатар, шенділер рұқсат бермейінше команда жаттықтырушысы мен директорын лауазымынан түсіріп не болмаса қайта сайлауға қауқары болмайды.

Атышулы аяқдопшылар клубына иелік ететін кәсіпкер талап етілген 100 млн теңгені төлеумен қоса бұған дейін қарыздарын жабуы керек.
Қазір "Ақтөбе" ФК-ның футболшыларға қайтарар қарызы әбден үйіліп қалған.

Айта кетерлігі, тендер жариялаған өңірлік қаржыгерлер аталмыш клубты ешкім сатып алмаса, қандай әрекетке барарын білмейді.

Өйткені жыл соңына дейін қалай да жекешелендіру керек. Ондай болмаған жағдайда "банкрот" деуге тура келеді. Оны айтуға басшылар ақтөбелік жанкүйерлерден жасқанып отыр.


https://kaz.nur.kz
02 қазан 2018 ж. 613 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930