» » Қазақстандық Құсайынов мексикалық боксшыны нокаутқа жіберді (видео)

Қазақстандық Құсайынов мексикалық боксшыны нокаутқа жіберді (видео)

ÒазаÒÑÑандÑÒ ÒÒ±ÑайÑнов мекÑикалÑÒ Ð±Ð¾ÐºÑÑÑÐ½Ñ Ð½Ð¾ÐºÐ°ÑÑÒа жÑбеÑÐ´Ñ (видео)

Қазақстандық боксшы Абылайхан Құсайынов мексикалық боксшы Хесус Лагунумен жұдырықтасып, оны кездесудің екінші раундында нокаутқа жіберді. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі Sports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жекпе-жек 8 раундқа жалғасады деп жоспарланған еді. Алайда қазақстандық боксшы небәрі 2-ші минутта мексикалық қарсыласының бауырынан күшті соққы жұмсап, нокаутқа жіберді. Кездесу күні кеше Монреалда өтті.




Айта кетейік, 27 жастағы Құсайынов үшін бұл кәсіпқой бокстағы тоғызыншы жеңіс. Боксшы небәрі 9 кездесу өткізген, оның алтауын нокаутпен аяқтаған.


Stan.kz

14 қазан 2018 ж. 835 0