» » "Қытайдың атынан шықпаймын": Бейбіт Назаров UFC-ге өтуден бас тартты

"Қытайдың атынан шықпаймын": Бейбіт Назаров UFC-ге өтуден бас тартты

ÐаÑÑинки по запÑоÑÑ Ð±ÐµÐ¹Ð±ÑÑ Ð½Ð°Ð·Ð°Ñов

Отандық ережесіз жекпе-жек жұлдызы Бейбіт Назаров ел күтпеген мәлімдеме жасап, жұртшылықты таңғалдырды. Ардақ Назаровтың інісі әйгілі UFC бірлестігінде жұдырықтасудан бас тартқанын айтты. Спортшының мұндай шешім қабылдауына не түрткі болды? Бұл сұрақтың жауабын"Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ. анықтап көрді.

Бейбіт Назаровтың ережесіз жекпе-жек спортшылары үшін арман болған UFC-ден бас тартуына ұйымдастырушылардың жасаған ұсынысы себеп болған. Олар қазақстандық спорт шеберінен айқасқа Қытайдың атынан шығуын талап еткен.

"Сендер ұқсайсыңдар, азиатсыңдар ғой деді. Қазақстанның атынан шығам дегенімде, "жоқ болмайды" деген жауап алдым. "Шықсаң Қытайдың атынан ғана. Келіссең міне саған контракт" деп айтты олар. Ұйымдастырушылар мен қол қойсам, 2018 жылдан бастап ресми түрде UFC спортшысы болатынымды айтты" , - деді Бейбіт Назаров.

Өзге ел атынан жұдырықтасуға келіспеген отандық спортшы, бүгінде әйгілі ережесіз жекпе-жек бірлестігінің құрамына өтудің басқа жолын тапты. Тек, бұл жолы Қазақстан атынан.
Бейбіт Назаровтың келесі жекпе-жегі оның UFC-ге қосылуына 90% мүмкіндік бермек. Ол 21-желтоқсанда Алматы қаласында Мартин Браун есімді америкалық спортшымен жұдырыспақ.
Ардақ Назаровтың інісі үшін бұл мансабындағы басты жекпе-жек болса керек.


https://kaz.nur.kz
20 қараша 2018 ж. 3 972 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 664

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30