» » Назарбаев Головкинге сәттілік тіледі

Назарбаев Головкинге сәттілік тіледі



Елбасымен кездесіп, жекпе-жек алдында сәттілік тіледі.

Елбасы мен спортшының кездесуі түсірілген видеоны ҚР президенті телерадиокешені жариялады.
Әлем күткен жекпе-жекке 2-ақ күн қалды.
«Бұл айда сенің ең маңызды жекпе-жегін күтіп тұр. Қазақстандықтардың атынан саған табыс тілеймін. Қазақстандықтар сенің әрбір жекпе-жегіңді үзбей көреді. Сенімен мақтанамыз. Бұл жастарға үлкен сабақ», – дейді елбасы.
«Менің міндетім – ұтып алу, сіздің міндетіңіз – бұйрық беру», – деді Головкин елбасыға.
«Сен майталман боксшысың. Саған жеңіліс таппаған ең мықты боксшының атағын берді. Бұл үлкен жетістік әрі біздің спортымызды насихаттаудың үлкен жолы. Сенің еңбегіңді бағалаймыз. Егер Қазақстанда жекпе-жек өткізу керек болса, оны да ұйымдастырамыз», – деді Назарбаев.
Боксшы президентке WBC, WBA (Super), IBO және IBF бойынша алған чемпиондық белбеулерін сыйлады. Елбасы спортшыны «Қазақстанның тұңғыш президенті – ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев» оденімен марапаттады.

Геннадий Головкин мексикалық қарсыласы Сауль Альвареспен қарымта кездесуінің алдында мәлімдеме жасап, өзінің жеңетінін айтты.
Жұма күні Головкин мен”Канелоның” екінші жекпе-жегі қаншада басталатыны анықталды.


Stan.kz

13 қыркүйек 2018 ж. 818 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 664

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30