Сочи Олимпиадасынан кем емес нәтиже көрсетуіміз керек – Арыстанбек Мұxамедиұлы
ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамдиұлы Қазақстан ұлттық құрамасының 2018 жылы Пxенчxанда өтетін XXIII қысқы Олимпиада ойындарына дайындығы мен қандай нәтижеге қол жеткізуді мақсат ететінін айтты, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Төрт жыл ішінде Рио Олимпиадасын алсақ та, қазір де біз сырттан спортшы әкелмейміз, тек қазақстандық спортшыларды тәрбиелеумен айналысамыз. Олимпиадаға қатысатын 46 спортшының ішінде Ким Йонг Адан басқа 45-і қазақстандық тәрбиеленушілер. Дегенмен, шорт-трекші Ким Йонг А бірнеше жылдан бері Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсетіп жатыр», - деді ол.
«Қазақстан алғаш рет фристайл-акробатикадан Олимпиадаға қатыспақ, бұл спорт бойынша Айана Жолдас, Ильдар Бадрутдинов сияқты жас спортшылар өнер көрсетеді. Қысқы ойындарға Универсиаданың алтын жүлдегері Жанбота Алдабергенова да қатысады. Отандық могулшылар табысты өнер көрсетіп жүр. Дмитрий Рейxард тұрақты нәтижелер көрсетуде. Оған әлем кубогының 1, 3, 4-кезеңдерінде жеңіп алған жүлделері дәлел болады», - деді ол.
Оның айтуынша, Олимпиада ойындары қарсаңында ұлттық құрама спортшылары толықтай оқу-жаттығу жиындарына, лицензиялық жарыстарға қатысқан. Министрлік Бүкіләлемдік допинг агенттігі WADA-мен бекітілген қажетті шараларды өткізіп, уақытылы сапалы бақылау жүргізіп отырған.
«Олимпиада делегациясының алдында Сочидегі Олимпиадан кем емес нәтиже көрсету тапсырмасы тұр», - деді Арыстанбек Мұxамедиұлы.
Министр Олимпиада ойындарына қатысуға ықтимал кандидаттарға жан-жақты қолдау көрсететін облыстық дене шынықтыру және спорт басқармаларының жұмысына тоқталды. 9 өңірде және Астана, Алматы қалаларында ойындарға қатысуға үміткер барлық қатысушы жергілікті атқарушы органдар есебінен оқу-жаттығу ұйымдары мен қосымша стипендиямен қамтамасыз етілгенін атап өтті.
«Біздің спортшылардың әр жеңісі жетістік қана емес, біздің еліміздің жоғары экономикалық, әлеуметтік және мәдени деңгейінің дәлелі екенін түсінеміз. Өз тарапымнан алға қойған мақсатқа қол жеткізу үшін бізге байланысты барлық мүмкіндіктерді жасауға сенім білдіремін», - деді ол бүгінгі Үкімет отырысында.