» » Астана, BAQ.KZ. Шаңғы спортынан Финляндияның Лахти қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті.

Астана, BAQ.KZ. Шаңғы спортынан Финляндияның Лахти қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті.



Сергей Ткаченко тұғырдан секіруден қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.


Алтын медальді норвегиялық Томас Маркенг иеленді. Ол 252.1 ұпаймен жалпы есепте көш бастаған болатын.
Екінші орында 250.8 ұпай жинаған Германия өкілі Лука Роуз.

Қазақстандық Сергей Ткаченко 248.9 ұпай жинап, әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Бұл әлемдік додада Қазақстан спортшылары жеңіп алған алғашқы жүлде екенін айта кеткен жөн.

Сергей Ткаченко 19 жастағы спортшы. Бұл оның мансабындағы ең үздік нәтижелердің бірі.

 BAQ.KZ.
25 қаңтар 2019 ж. 572 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930