» » Головкинге міндетті қарсылас таңдалды

Головкинге міндетті қарсылас таңдалды

Астана, BAQ.KZ. WBO чемпионы Деметриус Андраде (27-0, 17КО) Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34КО) міндетті қарсыласы болды. Бұл туралы «Қазақстанның кәсіпқой боксы» ВКонтакте әлеуметтік желісінде жазды.


Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) орта салмақ санатындағы рейтингінде көш бастады. Бұған дейін рейтингтің бірінші позициясында WBO-ның экс-чемпионы Билли Джо Сондерс (27-0, 13КО) болды. Бірақ британдық боксшы екінші орта салмақ санатына ауысты және ол рейтингте екінші орынға жайғасты.

«Головкиннің тізімде көш бастауы оның WBO титулына міндетті үміткер атанғанын білдіреді. Қазір белдіктің иегері америкалық Деметриус Андраде (27-0, 17КО)», - делінген ақпаратта.

Еске салайық, 22 қаңтар күні WBO Деметриус Андрадені 30 күннің ішінде Сондерспен жекпе-жекке келісуді міндеттеді. Олай болмаған жағдайда, промоутерлік сауда-саттық белгіленетіні айтылды.

GGG 2018 жылдың 16 қыркүйегі күні Лас-Вегаста мексикалық боксшы Сауль Альвареске қарсы рематч өткізіп, төрешілердің шешімімен жеңіліс тапты. Солайша, ол WBA Super, WBC және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы чемпиондық белдіктерінен айырылған еді.

BAQ.KZ.
20 ақпан 2019 ж. 630 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 142

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930