» » "Барыс" ҚХЛ-де қорғаныс бойынша жеке рекорд орнатты

"Барыс" ҚХЛ-де қорғаныс бойынша жеке рекорд орнатты

Биылғы тұрақты чемпионат астаналықтар үшін сәтті болды.


ERNUR.KZ. Астаналық "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатында тағы бір рекорд орнатты, деп жазады vesti.kz.

Команда ҚХЛ тарихындағы қорғаныс бойынша үздік нәтиже көрсетті - 62 матчта 149 шайба ғана өткізген. Мұның алдындағы көрсеткіш - 54 матчта 152 шайба - 2010/11 маусымында болған.

Еске салайық, "Барыс" ҚХЛ тұрақты чемпионатындағы қарсылас қақпасына салған шайба бойынша да өз рекордын жаңартқан.

Бүгін, 26 ақпан астаналық команда плей-оффтың алғашқы раундын бастап, ресейлік "Торпедомен" ойын өткізеді. Төрт жеңіске дейінгі серия Астанада бастау алады. Матчтің басталуы Астана уақытымен 19:30-да.


ERNUR.KZ
26 ақпан 2019 ж. 517 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 278

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031