» » Садриддин Ахметов жарты жыл жекпе-жекке шыға алмауы мүмкін

Садриддин Ахметов жарты жыл жекпе-жекке шыға алмауы мүмкін

Таяуда WBC Asia чемпионы атанған қазақстандық боксшы Садриддин Ахметов соңғы жекпе-жегінде қолын зақымдап алған.

СадÑиддин ÐÑмеÑов жаÑаÒаÑÑнÑÒ£ ÑалдаÑÑнан жаÑÑÑ Ð¶Ñл жекпе-жекке ÑÑÒа алмаÑÑ Ð¼Ò¯Ð¼ÐºÑн

Бұл туралы Sports.kz порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. 

Боксшы жарақатының салдарынан біраз уақыт рингке шыға алмайды. Оның жағдайына қатысты пікір білдірген менеджері Анна Рева осылай дейді. 
«Садриддин жарақат алған. Алайда сүйегі сынған жоқ, тек шытынаған. Сондықтан келесі жекпе-жек ол толық сауыққаннан кейін болады», - дейді Анна Рева. 

Менеджерінің сөзінше, боксшы 3-4 ай немесе жарты жыл көлемінде рингке шықпайды. Ол дәрігерлердің кеңесін басшылыққа алатындарын атап өтті.
20 жастағы қазақстандық кәсіби рингке 2018 жылы шыққан. Әуесқой бокста жүргенде 2016 жылы әлем чемпионатының жеңімпазы атанған. Бүгінгі күні ол канадалық Eye of the Tiger Managment промоутерлық компанияның қарамағында.

Stan.kz 
02 сәуір 2019 ж. 568 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930