» » Шымкентте домбыра ескерткіші ашылды

Шымкентте домбыра ескерткіші ашылды

Биіктігі 7 метр ескерткіш ұлттық нақыштармен көмкерілген.

âШÑмкенÑÑе домбÑÑа еÑкеÑÑкÑÑÑ Ð°ÑÑлдÑ

Бүгін қала шырайына тағы бір кереметқосылып, 7 метрлік ДОМБЫРА ескерткіші ашылды, Шымкенттегі әкімшілік-іскерлік орталығының алаңында «Ұлттық домбыра» күніне орай, Домбыра аспабына арнап орнатылған ескерткіштің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан сарайының алдынан орын алған ескерткіштің ашылу рәсіміне қала тұрғындары, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері, өнер мектебінің оқытушылары мен шәкірттері куә болды. Биіктігі 7 метр ескерткіш ұлттық нақыштармен көмкерілген.

Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Домбыра күнінің маңызына тоқталып, жаңа ескерткіштің ашылуымен құттықтады.

- Бәріміз үшін қуанышты күн. Домбыра аспап қана емес, қазақтық жаны, философиясы деуге болады. Бұл құндылық қала тұрғындарына, жас ұрпаққа серпін береді деп ойлаймын. Ескерткішті орнатуға қолдау көрсеткен қала мәслихатының депутаттарына, меценат азаматтарға өз алғысымды айтамын, - деді қала әкімі құттықтау сөзінде. Мерекелікбағдарламада халық әндері, Қазақстан композиторларының шығармалары орындалып, мерекенің әрін кіргізді.


ERNUR.KZ
05 шілде 2019 ж. 620 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930