» » Қызылорда облысының әкімі жұмыс сапарымен Арыс қаласында болды

Қызылорда облысының әкімі жұмыс сапарымен Арыс қаласында болды




Қызылорда облысына Арыс қаласының 254 үйі мен 15 нысанын жөндеуден өткізу жүктелген болатын, оның ішінде 9 үй қалпына келтірілді. Аймақ басшысы Қуанышбек Ысқақов жұмыс сапарымен Түркістан облысы Арыс қаласына арнайы барып, құрылыс жұмыстарымен танысты.
Естеріңізге сала кетейік, Қызылорда облысына 14 көше бөлінген еді, онда 254 жеке үй, 5 әлеуметтік және 10 коммерциялық нысан орналасқан.
1 шілдеден бастап үйлердің есік-терезелерін және шатырларын ауыстыру басталды, құрылыс-монтаж жұмыстары белгіленген жоспарға сәйкес тиісті деңгейде жүргізілуде. Бүгінгі күні 9 үй толық қалпына келтіріліп, 74 үйде құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов Арыс қаласында Сыр өңіріне бөлінген нысандарды жөндеу жұмыстары туралы журналисттерге сұқбат берді.
"Түркістан облысының Арыс қаласындағы төтенше және қайғылы жағдай ешкімді бейжай қалдырмады. Халқымыз "бірлік бар жерде тірлік бар" демекші, қазақ халқы қиын сәтте әрқашан бір-біріне қолдау көрсеткен. Қайғылы хабарды естігенде Сыр өңірінің тұрғындары зардап шеккендерге көмек көрсету үшін қолдан келгенін  аяған жоқ. Алғашқы күннен бастап қызылордалықтар арнайы қорға ақша аударып, гуманитарлық көмек жинауға кірісті. Сондай - ақ, үйлерді қалпына келтіруге облыстан еріктілерден құралған арнайы топ келіп жұмыс істеді ", - деді аймақ басшысы.   
Айта кетейік, 28-30 маусым аралығында мемлекеттік органдар, құрылыс, жобалау, техникалық қызмет мамандарынан құралған 66 адамнан тұратын топ бөлінген аумақтағы ғимараттар мен құрылыстардың зардап шығындарын анықтау жұмысын жүргізді. 5 әлеуметтік бағыттағы және 10 коммерциялық нысанның жөндеу жұмыстары ірі құрылыс компанияларына бекітілген. Сонымен қатар, бір тұрғын үйді бұзу, тегістеу жұмыстары атқарылды.
"Бұл жұмыстарға Қызылорда облысының 20 құрылыс компаниясынан 4 топ бөлінген. Қазіргі таңда 96 жұмысшы жөндеу жұмыстарымен айналысуда. Жоспарға сәйкес шілде айының соңына дейін жөндеу жұмыстары толығымен аяқталады. Жалпы, 2019 жылдың 25 маусымы мен 1 шілдесі аралығында Арыс қаласының тұрғындарына Қызылорда облысынан 38 тоннадан астам гуманитарлық көмек, яғни киім-кешек, азық-түлік және т. б. тұрмыстық заттар жіберілді ", - деді облыс әкімі.
2800 астам мемлекеттік қызметші, бюджеттен қаржыландырылатын мекемелер, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдар, кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар мен серіктестіктер, шаруа қожалықтары, жеке кәсіпкерлер мен меценаттар қаржылай  көмегін көрсетті.
26 маусым күні Сыр жастары атынан 50 жас ерікті көмек көрсетуге келді. Олар 2күн бойы үйлерді қалпына келтіруге жәрдемдесті. 3 шілде күні тағы 50 ерікті келіп жетті.
2019 жылдың 9-18 тамыз аралығында Арыс қаласынан 150 бала Қызылорда облыстық білім басқармасының "Облыстық олимпиадалар мен қосымша білім беру орталығында" тегін демалады. Балалар үшін психологиялық тренингтер, тауға экскурсиялар, түрлі үйірмелер ұйымдастырылады.
Қызылордада қабылдау пункттері де жұмысын жалғастыруда. Сонымен қатар, шілде айында барлық бюджеттік мекеме қызметкерлері арыстықтарға тағы да бір күндік жалақыларын аударады.
Сондай-ақ, жұмыс сапары барысында Қызылорда облысының әкімі Түркістандағы Шығыс моншасының құрылысымен танысты. Естеріңізге сала кетейік, Түркістан қаласында Шығыс моншасы құрылысы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы аясында жүргізілуде. Елбасы жергілікті атқарушы органдар мен ұлттық компаниялардың басшыларына жаңа аймаққа әлеуметтік-мәдени нысандарды салып беру туралы тапсырма берген еді.

05 шілде 2019 ж. 583 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930