Елордаға арнау
Жинаған жақсысы мен бар асылын –
Астанаға көзінің қарашығын.
Уа, халқым, бәріңе құтты болсын,
Туған күні Нұр-Сұлтан қаласының.
Қашаннан ақсақалдар бата беріп,
Игілікті, ізгі істер жатады өріп.
Қуанышты көңілден күй шалқыды,
Қос тойы қазағымның қатар келіп.
Өз дегенін істейді уақыт анық,
Келеміз Ақордадан бағыт алып.
Қара орман – Қазақстанға қарайды әлем,
Өркендеген елімді тағы танып.
Артамын кей кездері мен де міндет,
Еуразияны жалғаған елдемін деп.
Қос ғасыр, қос қоғамда өмір сүріп,
Дәл осындай өрлеуді көргенім жоқ.
Көңілдегі көп істі жайғастырып,
Үлкенді аға, қатарды жолдас қылып.
Қарлығаштай қалықтап ұшады ақын,
Сыр елі мен Арқаны жалғастырып.
Қалықтап көкжиекте жастар әні,
Береке мерекеден басталады.
Аспан түстес көкпенбек жалауымдай,
Жақсы көрем бас қала, астананы.
Құс әнін – тарқамаған базарымның,
Естимін де қуанам ғажап үнін.
Туған елім өркендеп өсе берсін,
Биіктеп мәртебесі қазағымның.
Ізәтілла Нәрзілдаев,
Жаңақорған ауданы
Астанаға көзінің қарашығын.
Уа, халқым, бәріңе құтты болсын,
Туған күні Нұр-Сұлтан қаласының.
Қашаннан ақсақалдар бата беріп,
Игілікті, ізгі істер жатады өріп.
Қуанышты көңілден күй шалқыды,
Қос тойы қазағымның қатар келіп.
Өз дегенін істейді уақыт анық,
Келеміз Ақордадан бағыт алып.
Қара орман – Қазақстанға қарайды әлем,
Өркендеген елімді тағы танып.
Артамын кей кездері мен де міндет,
Еуразияны жалғаған елдемін деп.
Қос ғасыр, қос қоғамда өмір сүріп,
Дәл осындай өрлеуді көргенім жоқ.
Көңілдегі көп істі жайғастырып,
Үлкенді аға, қатарды жолдас қылып.
Қарлығаштай қалықтап ұшады ақын,
Сыр елі мен Арқаны жалғастырып.
Қалықтап көкжиекте жастар әні,
Береке мерекеден басталады.
Аспан түстес көкпенбек жалауымдай,
Жақсы көрем бас қала, астананы.
Құс әнін – тарқамаған базарымның,
Естимін де қуанам ғажап үнін.
Туған елім өркендеп өсе берсін,
Биіктеп мәртебесі қазағымның.
Ізәтілла Нәрзілдаев,
Жаңақорған ауданы