» » "Құттықтай берсеңіздер болады": 4 баласымен жалғыз қалған әкеге бес бөлмелі үй берілді

"Құттықтай берсеңіздер болады": 4 баласымен жалғыз қалған әкеге бес бөлмелі үй берілді

Әйелі көз жұмып, төрт баласымен жалғыз қалған Жамбыл Дауытов көмек қолын созған жандарға алғыс айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


ÐамбÑл



«Құттықтай берсеңіздер болады, халқым. 40 күн бұрын әйелі қайтыс болып, төрт баламен далада қалған Stan.kz, Еуразия каналдарына шығып, бизнесмендерден көмек сұраған Жамбыл бауырымызға менің инста-төркіндерім асарлатып 5 050 000 теңгеге 5 бөлмелі үй, 10 соток жерімен үй әперді. Эльмира Ешниязова жеке қайырымдылық қорының атынан нотариусте үйдің документтерін рәсімдедік», - деп жазды Эльмира Ешниязова есімді желі қолданушысы. 

Көп балалы әке де өз кезегінде қуанышын жасырмады. Десе де, ол дәл қазір өзін балалардың өзінде қалуы мәселесі алаңдатып отырғанын жеткізді. 
«Құтты болсын. Іші балапандардың күлкісіне толсын!», «Құтты болсын. Бақыт әкелетін шаңырақ болсын», «Алла разы болсын! Берекелі баспана болсын», «Істеген жақсылықтарыңыз Алладан қайтсын» деп жазды желі қолданушылары. 

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін ер адамның төрт баласымен жалғыз қалғаны туралыхабарлаған едік. Сондай-ақ, ол балаларын бағып береміз деп сұрағандарға жауап берген болатын

 Stan.kz
25 шілде 2019 ж. 399 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930