» » Ақтаудағы тігін фабрикасы аяқ киім өндірісін жолға қойды

Ақтаудағы тігін фабрикасы аяқ киім өндірісін жолға қойды


Былтыр мұнда құны 1 млрд теңгеге жуық отандық өнім әзірленді. Мемлекет қолдауының арқасында іскер әйел ашқан фабрика жұмыс қарқынын еселеп отыр. Бүгінде оқушылар формасы мен аяқ киімін әзірлеуге көшті. Озық үлгідегі технологиялар қолданысқа енгелі көрші елдерден тапсырыстар түсе бастаған.

Айта кетейік, аталған тігін фабрикасы – өткен жылы осы аймақтағы жұмысшыларының жалақысын өсірген алты кәсіпорынның бірі. 

"Биылдан бастап жалпы халыққа арнап күнделікті киетін аяқ киімдер тігіп жатырмыз. Бұйыртса, келер жылы көрші елдердің нарығына шығуды көздеп отырмыз. Мемлекет саясатының нәтижесінде бізге тапсырыс берушілер қатары көбейіп келеді", - деді тігін фабрикасының директоры Зибира Хасанова.

 
Фото: дереккөз
07 тамыз 2019 ж. 577 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 707

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930