Департамент басшысы тағайындалды
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бұйрығымен Қызылорда облысының Әділет департаментінің басшысы болып Бакишева Ирина Жұмабайқызы тағайындалды.
И.Бакишева 1964 жылы Тереңөзек ауданында дүниеге келген.Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтын орыс тілі және әдебиет мұғалімі мамандығы бойынша, Қазақ мемлекеттік заң университетін заңтану мамандығы бойынша, Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университетін экономист мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1985 жылы Қызылорда қаласының 1 Май атындағы орта мектебінің орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі болып бастаған.
1988 жылы Қызылорда облысының комитетінің халық атқару бөлімінің инструкторы қызметін атқарған.
1998 жылдың ақпан 2000 жылдың желтоқсан айына дейін «Рух» заң фирмасының заңгер-стажері, директордың көмекшісі болған.
2000 - 2001 жылдар аралығында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің бас маманы қызметін атқарған.
2001 жылдың шілде айынан бастап Қызылорда облысының әділет басқармасының азаматтық хал актілерін жазу бөлімінің бастығы.
2002 жылдың қыркүйек айынан бастап әділет басқармасы бастығының орынбасары, қараша айынан бастап осы уақытқа дейін Қызылорда облысының әділет департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарып келген.