» » ЖАСТАР АРХИВТЕ БАС ҚОСТЫ

ЖАСТАР АРХИВТЕ БАС ҚОСТЫ


«Облыстық мемлекеттік архивінің» аудандық филиалының ұйымдастыруымен жастар жылына орай «Бүгінгі жастар – келешек ұрпақ» атты дөңгелек үстел өтті.
Басқосуға «Nur Оtаn» партиясы аудандық филиалы мен ішкі саясат бөлімінің және «Темірқазық» қоғамдық бірлестігінің қызметкерлері қатысып, ойларын ортаға салды.
Шараны ашқан архив филиалының директоры Ж.Ибраев жастарға рухани құндылықтарды дәріптеу бағытында сөз қозғады. Дөңгелек үстелге қатысқандар бүгінде әлеуметтік жобаларға қолдау көрсетіліп, “Дипломмен ауылға” бағдарламасының жүзеге асып, жастардың кәсіпкерлікпен айналысуына жағдай жасалып жатқанын атап өтті.
– Жастар жылына орай мемлекет тарапынан көптеген қолдау көрсетілуде. Жастардың жаңа идеяларын жүзеге асыруға бағытталған гранттар берілуде. Мәселен, әрбір жас кәсіпкерлікпен айналысқысы келсе, жоба ұсынып, грант жеңімпазы болуға мүмкіндік бар, – дейді жастар ресурстық орталығының маман­дары.
Жиын соңында ұсыныс-пікірлер айтылып, жастар алға қойған жоспарымен бөлісті.

“ЖЖ” ақпарат
09 тамыз 2019 ж. 719 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930