ЖАСТАРҒА АРТЫЛҒАН СЕНІМ
«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен Ш.Ермағанбетова атындағы №246 орта мектепте "Жастарды қолдау" жылына орай аудандық «Жас Отан» жастар қанатының жетекшілерімен кездесу шарасы өтті.
Шараны ашқан партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қаншагүл Мұстафаева биылғы жыл жастарға мол сенім артылатының айтып, жастардың ой-пікірін тыңдады.
– Өздеріңізге белгілі Елбасы 2019 жылды жастар жылы деп жариялады. Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыруымыз керек. Ең бастысы, жастардың назарын құндылықтарға аударуымыз керек. Себебі, жастар бүгінгі таңда материалдық құндылықтарға көбірек мән беретін болды. Жастарды азаматтық, қоғамдық жұмыстарға тартуымыз керек. Қазір және алдағы уақытта бірінші кезекте қажет болатындарына басымдық беріп, сол бағытта нақты жұмыстар жүргізуіміз керек.Сондай-ақ, бүгінгі күні қазақ халқының ұлттық мәдениетін қайта өркендету жағдайында жас ұрпақты ұлттық дәстүрмен тәрбиелеу аясындағы шараларды жүзеге асыру. Ең маңыздысы, жастардың өз құқы үшін күресе алатындай мүмкіндік қарастыру керек, – деді Қ.Мұстафаева
Басқосуда сөз алған Нарбота Серәлі «Жас Отан» ЖҚ-ның өткен жылы атқарылған жұмыстарды саралап, алдағы міндеттерге тоқталды.
– Бүгінгі жастар – ертеңгі кәсіби білікті маман, болашақтың тірегі. Әрбір жас қоғамда өз орнына ие болу үшін кез келген қоғамдық мәселеге бейжай қарамауы тиіс. Себебі, патриоттық рух та, рухани ерік-жігер де ортамен араласудан туындайды. Елбасы бізге сенім артып отыр, ал, біз осы үдеден шығуымыз керек, – деді ол.
Сондай-ақ, жиын барысында жасотандықтар өздерінің тың идеяларымен бөлісіп, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
Н.ЖАНҰЛЫ.