» » ЭЛЕКТР БАҒАНАЛАРЫ ЖАҢАРТЫЛУДА

ЭЛЕКТР БАҒАНАЛАРЫ ЖАҢАРТЫЛУДА


Жалағашта кеңес дәуірінен қалған ескі бағаналар жаңартылуда. Бұл салаға бөлінген қаражат көлемі де жыл сайын артып келеді. Бүгінге дейін жоғары кернеулі желі тіреулері мен электр бағаналары алмасты.
Тұрғындардың талап-тілегі үде­сінен шығу үшін аудандағы электр торабының қызметкерлері күні-түні кірпік қақпай жұмыс істеуде. Соның нәтижесінде желіні жаңарту жұмысы қарқынды жүзеге асып келеді. Бүгінде ауданда тозығы жеткен трансформаторлар жоқ емес. Олар­дың дені өткен ғасырдың 70-80 жылдары салынған. Көне электр желілерін жаңарту жұмыстарына биыл тиісті қаржы бөлініп, бұл жұмыстар одан әрі қарқын алды.
Ал облыстық бюджеттен қарал­ған қаржыға Аққыр, Жаңа­дария, Мәдениет және Жаңаталап елді мекендерінің электр жүйелерін қайта жаңғырту жұмыстары баста­лып кетті. Келесі жылы Аққұм және Бұқарбай елді мекендерінің де бағаналары жаңартылмақ.
Аудандық электр торабының басшысы Ә.Райымбектің қоғам­дық кеңес алдында жасаған баянда­масын­дағы мәліметке сүйенсек, ат­қа­рылған жұмыстың нәтижесінде электр желілерінің жағдайы дұрыс­талып келеді.
20 тамыз 2019 ж. 1 042 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 129

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930