» » ЖЕМІСТІ ЖҰМЫСТЫҢ ЖЕҢІСІ

ЖЕМІСТІ ЖҰМЫСТЫҢ ЖЕҢІСІ

Сыр бойының “Қостанайы” саналатын Жалағаш ауданы биыл күріштен тау тұрғызып, облыста үздік атанды. Жерлестеріміздің бұл жеңісін нәтижелі жұмыстың жемісі деуге болады. Қандай тірлік болса да ымыра бірлікпен білек сыбана кірісетін жалағаштық диқандар ел несібесін еселей білді.
Жылдағы дәстүр бойынша "Алтын дән" мерекесі аясында ауыл­ шаруа­шылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйым­дастырылып, Қызылорда қаласы мен барлық аудан­дардан арнайы келген шаруашылықтар өз өнім­дерін тұрғындарға арзан бағамен ұсынды. Жалағаш ауданы Қызылорда қала­сын­дағы Титов қыстағында ауыл шаруа­шылығы өнімдерінің жәрмеңкесін ұйым­дастырды. Мұнда барлық өнім нарықтағы бағадан 10-15 пайызға төмен сатылды. Сонымен қатар жәрмеңке алаңдарында өнерпаздар өз өнерлерін көрсетіп, қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Біз өз кезегінде жәрмеңкеге келген қала тұрғындарын сөзге тартқан едік. Қаптап күріш алып жатқан Сәрсенбей Аманбайұлы мұндағы заттардың нарық бағасынан әлдеқайда арзан екенін айтты. Ал өзін Оралкүл деп таныстырған апай бағаның қолжетімді екенін жеткізді.
Мұнан соң «Алтын дән» мере­кесіне арналған салтанатты жиын ұйым­дастырылып, облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов ауыл шаруа­шы­лығы саласының үздіктерін мара­пат­тады. "Үздік аудан" номина­ция­сын биыл Жалағаш ауданы жеңіп алды. Егін шаруашылығы саласында же­тіс­тікке жеткен Шиелі ауданы "Озат ау­дан" номинациясын иеленіп, ал мал ша­руа­шылығында Жаңақорған ауданы озат атанды. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуде жеткен жетістіктері үшін Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев марапатталды. Мұнан бөлек аймақ басшысы сала еңбеккерлеріне Ауыл ша­руашылығы саласының үздігі және Ы.Жақаев атындағы төсбелгіні та­быс­тады.
"Алтын дән – 2019" шарасында "Мағжан и К" ЖШС өзінің үздік қызмет­кер­леріне 7 автокөліктің кілтін, соны­мен қатар, "Достық-жер" ЖШС 6 автокөліктің кілтін табыстады. Ал "Жан-Арай жем" ЖШС үздік деп тапқан қыз­мет­керлеріне 1 млн теңге және 500 мыңның екі сертификатын тапсырды.
Сыр диқандары егін жинау жұ­мыс­тарын аяқтап, 87,9 мың гектар кү­ріштің әр гектарынан 60,3 центнерден өнім жинап, ел қамбасына 530,5 мың тонна Сыр маржанын құйды. Еліміз тәуелсіздік алғалы күрішшілер жеті жыл қатарынан осындай жоғары жетістікке қол жеткізіп келеді. 2019 жылы егілген егіс көлеміне толығымен жоғары репродукциялы тұқым пайдаланылған. Сонымен қатар ауыл шаруашылық құрылымдары өз қаржысы есебінен және «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы 6,4 млрд. теңгеге барлығы 229 дана әртүрлі ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алған.
«Алтын дән» мерекесіне арналған шаралар енді аудан орталықтарында жалғасатын болады.

“ЖЖ” ақпарат

15 қазан 2019 ж. 393 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930