Еңбек ерлері марапат төрінде
"Тойдың болғанынан боладысы қызық". Жалағаштың торқалы тойын көптен күткен аудан тұрғындары орталық стадионға таң азаннан жиналған. Бірін-бірі құттықтаған нөпір халық, шаттықтан бал-бұл жанған жанарлар, сағынысып қауышқан құшақтар, қуанышты көңілдерден ақтарылған ақ тілектер бұл шараның қатардағы ресми жиындардың бірі емес, нағыз халықтық мереке, көпшіліктің тойы екенін аңғартып тұр. Жасанды көгалға қаз-қатар тігілген ақ шаңқан киіз үйлер, қазан-ошақтар, бүлкілдеген қара қазан мен екі иінінен дем алып, сақырлап қайнаған ақ самаурындар күздің болмашы ызғырығынан бойлары тоңазыған көпшіліктің көңілдеріне шуақ түсіргендей. Халықтың тыпыршыған елең-алаң көңілі сахнадан саңқылдап шыққан жүргізушінің дауысынан тыныш тапты. аудан өнерпаздарының қатысуымен театрландырылған қойылым басталды.
Ортаға аса таяғын ұстап, желмаясымен дала кезген Асан қайғының бейнесі шықты. Басына шошақ төбелі айыр қалпақ, айқара шапан киген ақ сақалды абыз қашанғы өзінің қазақ жерінің, халқының қамын ойлаған қамқор көңілімен кеудесінен зарлы үн төгеді. Қазақ даласының қай жері де ырыс пен байлыққа толы екенін, қасиетті екенін жеткізеді. Соның ішінде Сыр өңіріне ерекше тоқталып, жерінің шаң екенін, суының жар екенін, басы – байтақ, аяғы – тайпақ қоныс екенін, Қаратауды жайлап, Сырдың бойын қыстауға жайлы екенін, әр бұтасының түбінде бір асым еті бар, ну қамысы жұртын жұтқа бермейтінін айтады. Сол даланың қасиетін сақтап қалу үшін көшпенді халықты бірігуге, ынтымаққа, еңбекке, жерінің, елінің қасиетін білуге шақырады, жақсылыққа үндейді, жарқын келешекке бастайды. Одан соң сахнада ол жылдар көмескіленіп, жарық күнмен бірге Бұқарбай батырдың бейнесі көтеріледі. Бұқарбай бабамыз Сыр бойын тек жаудан қорғап қана қоймай, осы өңірдің халқын отырықшылыққа үйретіп, егін салдырғаны тарихтан белгілі. Шашақты дулыға, кіреуке сауыт киініп, бес қаруын асынып, қасына ақсақалдарын алдырып, халқын елдікке, бірлікке шақырған тұлғалы батыр бейнесі де сахнадан нанымды көрініс тапты. Одан әрі көрермен кетпен ұстап, арық қазған, тұқым сеуіп, егін орған осы өңірдің ең алғашқы еңбеккерлерінің қым-қуыт тіршілігін тамашалады.
Ал ауданымыздағы ең алғашқы құрылыстар – темір жол, Иманқұл мешіті және су қыспақты мұнарасы бейнеленгенде халықтың көз алдында ескі тарихтың үзік суреттері көлбеңдеп өткені анық. Сондай-ақ қойылымда көпшілік өнерпаздардың қатысуымен баяу желмен ырғалып тұрған егістік алқап, ауданның алғашқы басшылары мен Социалистік Еңбек Ерлері, алғашқы құрылған колхоздардың суретті бейнелері және сол кездегі еңбеккерлердің рухын көтерген Қызыл Ту көрініс берді.
"Ақ күріштің атасы" атанған Ыбырай Жақаевтың жетістігін қайталаған майталман күрішші, Социалистік Еңбек Ерлерінің уақыт толқынымен биіктеген бейнелері ортаға шығып, еңбек еткен халықтың қазаны ортаймайтынын айтып, жалағаштықтарды мерекемен құттықтады. "Сыр сұлуының" сазымен қорытындыланған қойылымның көрерменге берген әсерін олардың толассыз қошеметінен аңғаруға болатындай.
Қойылым аяқталып, сахна шымылдығы түсірілген соң, аудан халқын облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов, облыстық мәслихат хатшысы Қылышбай Бисенов және аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев Жалағаш жұртшылығын қабат келген қос тойымен құттықтады. Сонымен бірге ауданымыздың мерейтойына қоғам қайраткері Оңалбек Сәпиев, Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбеков, Сырдария ауданының әкімі Руслан Рүстемов, Жалағаш ауданының бұрынғы басшысы Марат Есенов, "А.Н.Сызғанов атындағы хирургия ғылыми орталығы" РМКК директоры Болатбек Баймаханов, Оңтүстік Қазақстан өңіраралық геология департамент басшысы Уайс Бектібаев, Білім және ғылым министрлігі "Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының" басшысы, Қызылорданың Құрметті азаматы Садық Мұстафаев сынды азаматтардан арнайы құттықтаулар келді.
Салтанатты шара барысында ауданымыздың бірқатар азаматтарына Жалағаш ауданының "Құрметті азаматы" атағы берілді. Атап айтсақ, олардың қатарында жүз жасқа келіп, екі ғасырдың куәсі болған, аштық нәубеті мен соғыс зардабын тартса да еңбекпен жетіліп, үлкен әулетті тәрбиелеп өсірген Бәти Аманбаева, Бибайша Қайырбаева, Өтеш Маханова сынды әжелеріміз және әр салада жемісті еңбек етіп, ауданымыздың дамуына, өсіп-өркендеуіне өзіндік үлестерін қосып, абыройын асырып жүрген Ханзулла Кәметов, Қазына Өзденбаева, Бауыржан Иманғалиев, Ерлан Сағынбаев, Гүлсара Қуандықова, Ханбибі Асқарова, Тынымбай Мәдиев секілді аға-апаларымыз бар. Сол секілді биылғы егіс науқанының қорытындысымен алдыңғы қатардан көрінген ауыл шаруашылығының еңбек озаттары және сол диқандардың ала жаздайғы тынымсыз еңбегін жар құлағы жастыққа тимей ақпараттандырып жүрген бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне де құрмет көрсетіліп, марапат төрінен көрінді. Еңбек озаттарының бір қатары су жаңа темір тұлпардың кілтіне ие болды. Сонымен бірге басқа да шаруашылықтардың озат жұмысшылары еңбегіне қарай бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Салтанатты шара соңы Қазақстан эстрада жұлдыздары Елена Әбдіхалықова, Медет, Клара Салықовтар, Ғазизхан Шекербек, Самал Байсейітова, Индира Елубаева және "Тұран" триосының, "Томирис" би ансамблінің, облыстық филармония әншілерінің және аудандық мәдениет үйінің өнерпаздарының қатысуымен болған концертке ұласты.
Қуат АХЕТОВ