Қызылорда облысында уран концентратын сатпақ болғандар қылмыс үстінде қолға түсті

Жүргізілген арнайы операция нәтижесінде қылмыстық топтың 4 мүшесі қылмыс үстінде ұсталды. Олар Қылмыстық кодекстің 283-бабының 2-тармағына (Радиоактивтi заттармен, радиоактивті қалдықтармен, ядролық материалдармен заңсыз жұмыс істеу) сәйкес күдіктеліп отыр.

«Ядролық физика институты мамандарының қорытындысы бойынша, алынған уран концентраты қауіпті радиоактивті зат болып табылады. Көрсетілген заттың сәулелену деңгейі рұқсат етілген көрсеткіштен бірнеше есе артық және қоршаған орта мен халық денсаулығына қатерлі қауіп төндіреді (радиологиялық және токсикологиялық зардаптар)», - дейді ҰҚК-ның баспасөз қызметіндегілер.

Тергеу мәліметтері бойынша, радиоактивті зат қылмыстық топ өкілдерімен ванадий кен орнын игеретін кәсіпорыннан ұрланған.


Сотқа дейінгі тергеу мүддесіне байланысты, басқа ақпарат жарияланбады.
stan.kz