САЯСИ ҚҰЖАТТЫ КЕҢІНЕН НАСИХАТТАДЫ
Апта басында Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын халыққа кеңінен насихаттау мақсатында республикалық ақпараттық-насихаттық топ жалағаштықтармен жүздесті. АНТ құрамында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Бекешов, Кәсіпкерлікті дамыту департаменті директорының міндетін атқарушы Шыңғыс Ахметов, Аймақтарды талдау және бағалау департаменті директорының орынбасары Абзал Әбдікәрімов пен Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы А.Досжанов бар.
Аудан әкімінің орынбасары Жағыпар Тажмаханов модераторлық жасаған кездесуде алдымен басқосудың басты мақсаты айқындалып, меймандар саяси құжаттың ел қазынасын еселеуде маңызды рөл атқаратынын жеткізді. Жиын барысында ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Бекешов Жолдауда жүктелген міндеттерге кеңінен тоқталып, оның жүзеге асуына баршамыз жұмыла атсалысумыз керектігін атап өтті.
– Елбасы Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттің төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында жаңаша дамудың жарқын үлгісін айқындап берді. Бүгінде технологиялар өте жылдам өзгеруде. Осы орайда салааралық және еларалық байланыстарды қамтамасыз етуде, еңбек және білім беру ұйымдарындағы сын-қатерлер баршамызды алаңдатпай қоймайды. Бұл жаңа үрдіс адамның өмір сүру деңгейін арттыруға, көптеген өткір мәселелерді шешуге мол мүмкіндік береді. Саяси құжат мемлекетті төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында дамуға бейімдейді. Бұл маңызды құжат өткен жылғы Жолдаудың тұғырнамасын дамытады, – деді Бауыржан Бекешов.
АНТ мүшелері айтқандай, Елбасының жыл басындағы Қазақстан халқына Жолдауы мемлекеттің дамуы жолында ерекше маңызға ие. Он бағыттан тұратын саяси құжатта қамтылмаған сала жоқ. Барлық сала бойынша атқарылатын жұмыстардың қарқынын қалай арттыру керектігі және экономиканы дамытудың айқын бағыты толықтай баяндалған. Расында, мемлекетті төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында қалай дамыту қажеттігі тек Елбасын ғана емес, баршамызды алаңдатуы керек. Сонда ғана саяси құжатта жүктелген міндеттер өз жемісін береді. Енді маңызды құжатты насихаттаумен қатар жүктелген міндеттер де бірге орындалса, мақсатымыздың да айқын болары анық.
Жолдауды насихаттаумен қатар оны жүзеге асыру жұмыстары Сыр елінде басталып кетті деп айтуға толықтай негіз бар. Елбасы агроөнеркәсіп кешенін дамытудың мүмкіндігіне ерекше тоқталды. Ал, бұл салада Сыр халқының айтарлықтай жетістігі бар. Жылда жергілікті диқаншылар еңбегінің жемісі рекордтық өніммен аяқталып жатады. Бұл жаңалықтан Мемлекет басшысы да хабардар. Шынында, аграрлық саясат еңбек өнімділігін арттыруға және өңделген өнімнің экспортын ұлғайтуға бағытталуы қажет. Қазір қырмандағы қыруар астықпен мақтанып, қалпағымызды аспанға ататын заман емес. Енді біз қолдағы шикізатты қайта өңдеуді қамтамасыз етіп, әлемдік нарыққа сапалы дайын өніммен шығуды міндеттеуіміз керек. Бұл мәселені шешуге барлық аграрлық кешеннің түбегейлі бет бұруы маңызды. Сондықтан Елбасы да аграрлық ғылымды дамыту мәселесін түбегейлі шешу қажеттігін айтады. Ол ең алдымен жаңа технологияларды трансферттеумен және оларды отандық жағдайға бейімдеумен айналысуы қажет.
Ал, еңбек өнімділігін арттырумен қатар кәсіпкерлік саласын дамыту жұмыстарына келсек, бұл бағытта сырбойылықтардың бағыты айқын. Себебі, кешегі жылдық есебінде аймақ басшысы биыл облыс үшін «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту жылы» болып белгіленгенін және оның қаржы мәселесі де өз шешімін тапқанын жеткізді. Әрине, өңірде аталған саланы дамыту бойынша ілгерілеушілік бар. Ал, кәсіпкерлікті дамытуға бөлінетін 32 млрд теңгеден астам қаржы бұл саладағы жұмыстарды ширата түсері анық.
АНТ мүшелері облыс көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарды да тілге тиек етіп, Қызылорда облысы кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы аймақ екенін жеткізді. Әсіресе, олар жол бойындағы кешендер арқылы табысқа кенелуге болатынын айтты. Кездесуде вице-министр саяси құжат төңірегінде кеңінен баяндап, қатысушыларға мол мағлұмат берді. Ал, жиын соңында жергілікті тұрғындар АНТ мүшелеріне өз сауалдарын жолдады. Басқосуда жолаушылар тасымалы, қаржы мәселесі, инновациялық жобаларға бөлінетін грант қаражатын ұлғайту сияқты бірқатар мәселе көтерілді. Олардың біршамасына жауап берген ақпараттық-насихаттық топ мүшелері кейбір сауалдарды хат арқылы жолдауға кеңес берді. Кездесу соңында Жағыпар Тажмаханов саяси құжатты кеңінен насихаттағаны үшін қонақтарға алғысын білдірді. Мұнан кейін меймандар өңірдегі бірқатар нысандарды аралады. Алдымен «АгроХолдинг-Байқоңыр» ЖШС ғимаратында болған олар мұндағы жұмыс барысымен қанықты.
Аймағымыздағы ірі өндіріс орындарының бірі – Жалағаш элеваторында негізінен астық қабылдап, сақтау, тұқым тазалау, күріш ақтап жөнелту жұмыстары жүргізіледі. Аймақ басшысының бастамасымен 2013 жылы Жалағаш элеваторы «АгроХолдинг-Байқоңыр» ЖШС болып қайта құрылды. 5 жылдан бері Манарбек Еспанов басшылық ететін серіктестік заманауи жаңа технологияларды өндіріске енгізу арқылы сапалы өңделген өнім шығарып, күріш кластерін дамыту бағытында жұмыс жасауды қолға алды. Өткен жылдан бастап мұнда шаруашылықтарды тұқыммен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Жаңадан сатып алынған шетелдік жаңа сеператорлар мен қондырғылар арқылы тазарту жұмыстарының нәтижесінде кондициясы 2-3 кластық себу дәрежесіне жеткізілген бірінші репродукциялы тұқымдар дайындалды. Шаруашылықтарды қаржыландыру, тұқым сату жұмыстары өткен жылы басталып кетті. Мұндағы атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берген АНТ мүшелері «Өркен Әлем» ЖШС-на ат басын бұрды.
Соңғы жылдары құрылған серіктестікке кент орталығының батыс бөлігінде орналасқан «Серпін» индустриалды өндіріс аймағынан 1 гектар жер телімі берілді. Қазіргі таңда мұнда 30-ға жуық маман жұмыс жасайды. Құны 38,2 млн теңгені құрайтын жоба толыққанды іске қосылған жағдайда 40 жаңа жұмыс орнын ашылады деп күтілуде. “Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының” бірінші бағыты бойынша 20 адам тігінші мамандығын оқып, қазіргі таңда аталған шеберханаға тұрақты жұмысқа орналасты. Мұндағы мамандар бүгінде мектеп оқушыларының формасы мен әскери қызметкерлердің киімдері, сондай-ақ көрпе-төсектер әзірлеуде. Серіктестік басшысы сұраныс артса, тұтынушыны талапқа сай өніммен қамтамасыз ететініне сенімді. Мұндағы мамандардың алдағы жұмысына сәттілік тілеген АНТ мүшелерінің іс-сапары көршілес Сырдария ауданында жалғасын тапты.

Кенжетай ҚАЙРАҚБАЕВ,
М.АХМЕТОВ (сурет).
М.АХМЕТОВ (сурет).