Полицейлерге алғысын білдірді

Аталған хабарлама бойынша Жалағаш ауданының полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Н.Ағаділовтің нұсқауымен жедел тергеу тобы құрылып, дереу Жалағаш ауданы, Есет батыр ауылына азамат Н.Атанбаевті іздестіріп табу мақсатында жіберілді.
Жалағаш ауданының полиция бөлімінің қызметкерлерінің күндіз түні уақытпен санаспай, қырағылық танытып, өз қызметтік міндеттерін адал атқару барысында, 04.11.2019 жылы сағат 10:30 шамасында Жалағаш ауданы, Есет батыр ауылынан шығысқа қарай шамамен 3 шақырым жерде орналасқан егістік алқапта, түнгі уақытта ауа райы күрт өзгеріп, бағытынан адасып қалып, жаурап отырып қалған жерінен табылып, отбасына аман есен қайтарылып, азамат Н.Атанбаев пен жолдасы Б.Исаева полиция қызметкерлеріне шексіз алғысын айтуда.