«Менің туым, менің Отаным!» акциясы Жалағаш төрінде
Елімізде болып жатқан патриоттыққа және мемлекеттік рәміздерімізді құрметтеуге арналған акция Жалағаш ауданы, Жалағаш индустриалды аграрлық колледжінде жалғасын тапты.
Шараға «Nur Otan» партиясы Жалағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Мұстафаева, аудандық мәслихат депутаты, "Жалағаш аудандық жастар ресурсы орталығы" КММ директоры Бақбергенұлы Ерхан, «Jas Otan» жастар қанатының Жалағаш аудандық бөлімшесінің басшысы Нарбота Серәлі, колледж студенттері, оқушылар және мұғалімдер қатысты.
«Менің туым, менің Отаным!»-атты патриоттық акцияның мақсаты қазақстандық жастар арасында патриоттық сезімді нығайтып, мемлекеттік туды насихаттау және қазақстандық жастарды патриотизмге тәрбиелеу, сондай-ақ азаматтардың мемлекеттік туды пайдалануға және орнатуға тыйым салу туралы қоғамда қалыптасқан стереотипті жою болып табылады. Республика аумағында қолға алынған бұл акция 13 қазан күні Алматы қаласындағы Медеу мұз айдыны маңында «Nur Otan» партиясының қолдауымен бастау алды.
Салтанатты шараны ашқан «Nur Otan» партиясы Жалағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Мұстафаева акцияның негізгі мақсатына тоқталып, мемлекеттік рәміздердің құндылығын атап өтті. Отанды сүйетініңді сезіну үшін бір сәт Мемлекеттік туға қарап Әнұранды, патриоттық әндерді айту керек. Ондай сәтте елге, жерге деген сүйіспеншілік қаныңды тулатады - деп жастарға патриоттық серпін берді.
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу - Отанға деген құрметтен басталады. Сондықтан Ту, Елтаңба және Гимн - бұл ең алдымен ұлттық мақтанышымыз – деп Ерхан Бақбергенұлы ұлттық нақыштарды құрметтеуге шақырды.
Іс-шара барысында отаншылдыққа шақыратын патриоттық әндер шырқалып, көк Тудың мән-маңызын түсіндіретін келелі ойлар және өз ойларынан шыққан жеке шығармаларын оқушылар мақтанышпен айтса, ал «Jas Otan» жастар қанатының Жалағаш аудандық бөлімшесінің басшысы Н.Серәлі өз замандастарына жүрек тебірентер патриоттық шығармасын тарту етіп мерекенің ажарын ашып, жастарды игі бастамаға насихаттады.
Өз кезегінде колледж басшысы Ғ.Серікбаев Қазақстан бойынша өткізілген акция барысында бүгін білім ордамызға Туымыз көпшілікке көрініп тұратындай етіп орнаттық. Түрлі халық аралық сайыстарға қатысып, жүлдемен келіп жүрген қазақстандықтар әлемге білімді, дарынды қазақ деген ел, Қазақстан деген мемлекет бар екенін көк туымызды жоғары сатыдан көрсету арқылы таныту әрбір қазақ жұртының азаматтық борышы – деді.
Отандық патриотизм – елдікті, мемлекеттілікті саналы түрде сезіну, туып-өскен жерін қадірлеу, ана тілін меңгеріп , оған құрметпен қарау, өз Отанының мүддесін ойлау, туған жеріне деген адал, азаматтық сезімдер, еліңнің гүлденуі үшін еңбек ету.
Бұл нағыз қазақстандық патриотизм!