» » Халықтың ұсынысы ескерілуі тиіс

Халықтың ұсынысы ескерілуі тиіс

Аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаевтың төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Мәжілісте алғашқы мәселе бойынша аудан әкімі аппаратының басшысы Мейірбек Құрақбаев хабарлама жасады. Ол әкімдердің есепті кездесуінде тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлердің қалай орындалып жатқанын баяндады.
Әкімдердің халықпен биылғы есепті кездесулерінде 65 ұсыныс айтылған. Оның басым бөлігі жол, ауыз су, аяқ су келтіру, бейне камера орнату, сондай-ақ жарық мәселесімен байланысты. Есепті кездесулерде айтылған ұсыныс-пікірлердің 40-тан астамы толығымен орындалған. Аппарат басшысы тұрғындар айтқан ұсыныстар аудан әкімінің іс-шарасына енгізілгенін жеткізді. Кейбір ұсыныстың орындалу мерзімі бар екенін айтқан аппарат басшысы аудан әкіміне шешімін тапқан мәселелерді бақылаудан алып тастауды сұрады. Аудан басшысы халықтың ұсынысы басты назарда болуы қажеттігін айтып, тиісті мамандарға бұл мәселені жыл соңына дейін толық орындау туралы тапсырма берді.
Жиында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің кейбір мәселелері мен хаттамалық тапсырмалардың орындалуы да қаралды. Бұл мәселелер бойынша аппарат басшысы М.Құрақбаев мәлімдеп өтті.
Мұнан соң мінберге аудандық кәсіп­керлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Жасұлан Еспенбет көтерілді. Ол жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша 2019 жылдың 9 айында атқарылған жұмысты баяндады.
Осы жылдың 9 айын­­дағы мәлімет бойынша аудандағы тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъек­тілерінің саны 2348 бірлікті құраған. Оның 89 пайыздан астамы жұмыс іс­теуде. Осы сынды мәліметтерді алға тарт­қан аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы бұл көрсеткіштердің былтырғыдан анағұр­лым жақсы екенін айтты.
Бөлім басшысы өткен жылдың қорытындысымен 2300 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелгенін, оның 1914-і ғана жұмыс істеп тұрғанын жеткізді. Екі аралықтағы көрсеткішті салыстырғанда тіркелгендердің саны 106 бірлікке, ал жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 234-ке артқанын көруге болады.
Мәжілісте “Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының” орындалу барысы да қаралды. Бұл мәселе бойынша аудан әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы директорының міндетін атқарушы Ертуған Қалданов хабарлама жасады.
Жиын соңында аудан әкімі бірқатар сала басшысына нақты тапсырма беріп, халықпен етене жұмыс істеу қажеттігін ескертті.

Ә.ЖҰМАДІЛДАҰЛЫ
12 қараша 2019 ж. 446 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930