» » ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚАЙҒЫЛЫ ОҚИҒА ОРЫН АЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚАЙҒЫЛЫ ОҚИҒА ОРЫН АЛДЫ

Бүгін Назарбаев даңғылы бойында екі автокөлік соқтығысып, салдарынан 3 адам оқиға орнында қайтыс болды. Екі адам медициналық мекемеге жеткізілді. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінде өткен брифингте баяндалды.
2019 жылдың қарашаның 21 күні сағат 09:15 шамасында Қызылорда қаласы Назарбаев даңғылы бойында «Тойота Камри» маркалы автокөлігі «Мерседес Бенц» маркалы автокөлігін сол қапталынан ұрып, көлік құралын басқаруға ие бола алмай, автобус аялдамасында тұрған адамдарға соққан. Салдарынан үш адам оқиға орнында қайтыс болып, 2 адам медициналық мекемеге жеткізілді. Кінәлі автокөліктің жүргізушісі оқиға орнында анықталып, уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды. Сараптамалар тағайындалды.
Аталған дерек бойынша Казақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Құрметті қала тұрғындары! Жолда жүру ережесін сақтаңыздар!


Өңірлік Коммуникациялар Қызметі
21 қараша 2019 ж. 851 0