» » ЖАЛАҒАШТА ТҰҢҒЫШ РЕТ ЖАС КӘСІПКЕРЛЕР ФОРУМЫ ӨТКІЗІЛДІ

ЖАЛАҒАШТА ТҰҢҒЫШ РЕТ ЖАС КӘСІПКЕРЛЕР ФОРУМЫ ӨТКІЗІЛДІ

Кеше Жалағаш ауданына қарасты Аққұм ауылында аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаевтың қатысуымен жас кәсіпкерлердің форумы өткізілді.
Форумға жиналған жұртшылық ауылдық округтегі "Бақдәулет-57" ФҚ жұмысымен танысып, өнім өндіруші жалағаштық жас кәсіпкерлердің көрмесін тамашалады.
Форумға аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры Ерхан Бақбергенұлы модераторлық жасады.
Форумның алғы сөзін алған аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев алып:
- Алғыр ойлы, істің тетігін білетін жастар елдің ертеңі екені сөзсіз. Әрине, бұл бағытта олардың өзара тәжірибе алмасып, ортақ ойласуының да маңызы зор. Осы тұрғыдан келгенде бүгінгі Аққұм ауылында алғаш рет өткізілгелі отырған аудандық жас кәсіпкерлер форумының маңызы зор деп білемін.
Қазіргі таңда жұмыссыздықты азайту, бизнесті қолдау, инвестицияны дамыту мақсатында мемлекеттік бағдарламалар тиімді жүзеге асырылуда. Біздің ауданда да бұл салада біршама жұмыстар атқарылып, оң серпін алып келеді,-дей келе, мемлекеттік бағдарламалар аясында қаржылай қолдау алып, жетістікке жеткен жас кәсіпкерлерді аудан әкімінің алғысымен марапаттады.
Форумда аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Эльмира Құттымбетова, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы облыстық филиалының бизнес-тренері Арыстан Молыбаев, Ақсу ауылының жас кәсіпкері Толғанай Жұмабекқызы баяндама жасап, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Форум аясында жас кәсіпкерлер тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныс-пікірлер айтылды.
Айта кету керек, аудан бойынша 2019 жылдың 1 қарашасына тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2 397 бірлікті құраса, оның ішінен 412 субъектісін (258 дара кәсіпкер, 25 заңды тұлға, 129 шаруа және фермер қожалықтары) немесе 17,2 пайызын 18-29 жас аралығындағы жас кәсіпкерлер құрап отыр. Жыл басынан бері 101 жас кәсіпкер 208,6 млн теңгеге қаржыландырылып, қолдау алған.
29 қараша 2019 ж. 527 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 723

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031