ҚЫМБАТТЫ ЖАС ДОСТАР!

Аудан әкімі Қ.Сәрсенбаевтың қолдауымен бірқатар жаңа жобалар жүзеге асырылып, қажетті іс-шаралар жоспары қабылданды.
Сәл уақыттан кейін үстіміздегі жылдың аяқталатынын ескере отырып, Жалағаш ауданындағы жастар жылын қорытындылап, жаңа 2020 жылға арналған жоспарымызды талқылау және ұсыныс-пікірлерді ескеру мақсатында аудан жастарының кезекті форумын өткізгелі отырмыз.
Секциялық жұмыстар "Жастар кәсіпкерлігі", "Жастар саясаты" тақырыптарында Ш.Ермағанбетова атындағы №246 орта мектепте, "Жастар шығармашылығын дамыту" секциясы Ақсу ауылдық клубында 4 желтоқсан күні сағат 10.00-де басталады.
Сағат 15.00-де аудан әкімі Қ.Сәрсенбаевтың қатысуымен Қ.Қазантаев атындағы мәдениет Үйінде аудандық жастар форумы өткізіледі.
Баршаңызды форум жұмыстарына белсене қатысуға және ауданымыздың жастарын алдыңғы қатарда болуына атсалысуға шақырамын.