АУДАНДЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ АЯСЫНДА ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ "ЖАЛЫН" ЖАСТАР СЫЙЛЫҒЫ ТАБЫСТАЛДЫ

Форум аясында Ш.Ермағанбетова атындағы №246 орта мектепте «Жастар кәсіпкерлігі: Жоба.Өнім.Сапа» және «Жергілікті жердегі жастар саясатын жетілдіру жолдары», Ақсу ауылдық клубында «Жастар шығармашылығын дамыту» атты секция жұмыстары жүргізілді.
Секция жұмыстары аудандық Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйінде пленарлық отырыспен қорытындыланды. Жастар форумының алғы сөзін аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев алып, мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асуына өз үлестерін қосып, өз саласында жетістікке жетіп жүрген 10 белсенді жасты аудан әкімінің «Жалын» жастар сыйлығымен марапаттады.
- Жастар жылы Жалағаш жастары үшін жетістікке толы жыл болды. «ZEREN-2019» республикалық жазғы лагеріндегі үздік жобалар байқауынан Жалағаш ауданынан 2 жоба үздік атанып, «Жоңышқа табиғи тыңайтқыш» жобасы 2 500 000 теңге және «Мақсары қалдықсыз өнім» жобасы 1 000 000 теңгеге ие болды.

Жастар форумында республика, облыс көлемінде аудан атын асқақтатып, абыройлы жұмыс жасап жүрген бірқатар Жалағаш ауданының тумалары ауданның 80 жылдығына арналған мерекелік төсбелгімен, сондай-ақ белсенді жастар облыстық жастар мәселелері басқармасы басшысының, аудандық ардагерлер кеңесінің арнайы Алғыс хатымен, бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
Форум жергілікті жас өнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласты.