Үздік ауданның жастары да үздік
Жүректерінде жалыны, бойларында күштері бар қазіргі заманның жастары күн санап өзгеріп жатқан өмірге, әлемдік құбылыстарға қай кезде де дайын болуы керек. Өйткені жастарға артылар сенім мол, жауапкершілік жүгі ауыр. Мұны білген жалағаштық жастар қай істе де бірлікпен білек сыбанып, тек нәтижелі жұмыстың жанынан табылып, еңбекқорлық пен жан-жақты қабілеттерінің арқасында биіктен көрініп келеді.
Жалағаш жастары тағы да үздік екенін дәлелдеді. Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының бастамасымен «Сыр үміті» облыстық жастар форумында «Қызылорда қаласы және аудан жастарының күндері» облыстық байқауы ұйымдастырылды. Онда облыс әкімі Қуанышбек Досмайылұлы жыл бойына жастар саясатын дамытуда айтарлықтай үлес қосқан, жүйелі істердің бастамашысы болған жалағаштық жастар ресурстық ортылығына "Үздік аудан жастары" номинациясын табыстап, арнайы диплом және ауыспалы кубокпен марапаттады. Бұл да биылғы жастар жылында жалағаштық жастардың өз биігін бағындырды деуге болады. Аймақтағы аудандардан келген жастар ресурстық орталықтарының ішінен үздік шығып, жүлделі болған жерлестеріміз 80 жылдық тарихы бар өңіріміздің мерейін тағы бір асырып, абыройын асқақтатты.
Айта кету керек, бұған дейін де жалағаштық «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы «Үздік аудан» номинациясын иеленген болатын. Жуырда Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Қызылорда облысының жастар Одақтары» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен облыстық жастар ресурстық орталығында «Сенің еңбегің, сенің ертеңің» облыстық еңбек маусымының қорытынды кеші және жастар балы ұйымдастырылды. Аталған шараға Қызылорда облысына қарасты аудан орталықтарында «Жасыл ел» жасағында жұмыс жасаған жастар, командирлер, жастар ұйымдарының өкілдері, оқу орындарының «Жастар ісі» жөніндегі комитет жетекшілері және белсенді жастар қатысты.
Н.АЛМАСҚЫЗЫ