Жеңіске толы жыл
Жастар – еліміздің ең белсенді буыны. Олар салауатты өмір салтын ұстанып, мемлекеттің индустриалдық-инновациялық дамуына өз үлесін қосса, қоғамға пайдасын тигізіп, сапалы білім алуды басты міндетіне айналдырса, келешегіміздің кемел болатыны сөзсіз. Өз күш-жігерлері мен алған білімдерін елдің өркендеуіне жұмсайтын жастары бар қоғам мақсатты межеге жетері анық. Аудан жастары биылғы жастар жылында көптеген ауқымды шаралардың басы-қасында болып, жетістіктерге жетіп, өз биіктерін бағындыра білді.
Аптаның сәрсенбісінде аудан жастарының форумы өтті. Форум аясында Ш.Ермағанбетова атындағы №246 орта мектепте Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының ауыл шаруашылық кешендер бөлімінің басшысы Фархад Абжаппаров, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының тұлғаны дамыту кеңесшісі Назира Аймаханова, Қызылорда қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Жанболат Досмаханов, «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» РҚБ ҚОФ төрағасы Айдос Қожамұратов «Жастар кәсіпкерлігі: Жоба. Өнім. Сапа» және «Жергілікті жердегі жастар саясатын жетілдіру жолдары» туралы қажетті ақпарат беріп, тәжірибелерімен бөлісті. Ал Ақсу ауылдық клубында танымал жайдарманшы, «Jaidarman academy» негізін қалаушы Әліби Басаров, «Qyzylorda» телеарнасының дикторы Талант Айымбетов, суретші, карикатурашы Мейрамбек Қитанов жастар шығармашылығын сөз етті.
Секция жұмыстары аудандық Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйінде пленарлық отырыспен жалғасын тапты. Салтанатты шарада аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев сөз сөйлеп, жастардың бірқатар жетістігін атап өтті.
– Мемлекеттің жастарға қамқорлығы артқан сайын жастардың белсенділігі де артып келеді. Түрлі мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар жүзеге асырылуда, сәйкесінше, оған қатысушы жастар да белсенді. Барлық мемлекеттік мекемелерде, аудан көлемінде жастар саясатын тиімді жүзеге асыру бағытында жүйелі жұмыстар жасалуда. Ауқымды жобалардың бірі – аудан жастарының бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруға жағдай жасайтын коворкинг орталығының ашылуы. Жастар – біздің болашағымыз. Бүгінгідей біліммен бақ сынайтын, бәсекелік қабілетті жоғары бағалайтын заманда сіздердей алғыр да жан-жақты жастармен біз мақтанамыз, деді аудан басшысы. Шынында, жастар жылы Жалағаш жастары үшін жетістікке толы болды. «ZEREN-2019» республикалық жазғы лагеріндегі үздік жобалар байқауынан Жалағаш ауданынан 2 жоба үздік атанып, «Жоңышқа табиғи тыңайтқыш» жобасы 2 500 000 теңге және «Мақсары қалдықсыз өнім» жобасы 1 000 000 теңгеге ие болды. Сондай-ақ аудан жастары «JasA» әлеуметтік республикалық жобалар байқауында «Менің таза көшем» жобасы бойынша 800 000 теңге көлемінде грант иегері атанды. Жазғы маусымда еңбек жасаған жастардың ішінде «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының «Үздік аудан» номинациясы бойынша Жалағаш ауданы марапатталды. Ерекше атап өтетін жетістік бұл облыста алғаш рет қолға алынған үздік аудан жастары жобасында жыл қорытындысымен Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығы «Үздік аудан жастары» номинациясын иеленіп, «Сыр үміті» облыстық жастар форумында аймақ басшысы Қуанышбек Досмайылұлы салтанатты түрде табыстады.
Аудан жастарының жетістігі мұнымен толастамайды. Мәселен, жоғарыдағы жетістіктерден бөлек, «Жалағаш құрамасы» жайдарман тобы республикалық жастар әзіл кешінде жүлделі ІІІ орынды еншілеп қайтты. Еліміздің әр өңірінен келген командалар арасында аудан намысын қорғап, топ ішінен оза шапты. Халықаралық жастар күніне орай Қызылорда облысы әкімінің жүлдесіне арналған кеш облыс орталығындағы Н.Бекежанов атындағы драма театрында өтті. Әзіл кешін «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ президенті Есен Елеукен жүргізген болатын. Әзіл кешінде жүлде қоры 150 мыңдық III орынды «Жалағаш құрамасы» командасы иеленді.
Жастар форумында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға қосқан үлесі және өз саласында жеткен жетістігі үшін 10 жас аудан әкімінің «Жалын» жастар сыйлығымен, республика, облыс көлемінде абыройлы жұмыс жасап жүрген бірқатар жерлестеріміз 80 жылдыққа арналған мерекелік төсбелгімен, сонымен бірге белсенді жастар облыстық жастар мәселелері басқармасы басшысының, аудандық ардагерлер кеңесінің арнайы «Алғыс хатымен», бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Форум аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.
Нұржамила АЛМАСҚЫЗЫ