Жалағаштық ауылдар үздіктер көшін бастады
Қызылорда қаласында облыс әкімі Қуанышбек Ысқақовтың қатысуымен "Үлгілі ауыл" байқауы қорытындыланды.
Шарада сөз сөйлеген аймақ басшысы ауылдарды гүлдендіру бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
– Ауылдардың жағдайын жақсартып, ауыл халқының тұрмысын көтеру үшін «Ауыл – ел бесігі» жобасы қарқынды жұмыс істеуде. Елбасының тікелей бастамасымен қолға алынған жоба шеңберінде елді мекендерді дамытуға бағытталған ауқымды істер жүргізілуде. «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасын жүзеге асыруға 2019 жылы аймағымызда 1,9 млрд теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 1,7 млрд теңге қаралды. 2020 жылға «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасын іске асыруға 1,6 млрд теңгеге 4 елді мекен бойынша 31 жоба іріктелді. Сонымен қатар бүгін жеңімпаз болып танылған ауылдық округтерге берілген қаржылай сыйақының 80 пайызы сол ауылдың көркейіп-көгалдануына, абаттануына, санитарлық тазалығына жұмсалуы тиіс, – деді облыс басшысы.
Байқауға барлығы 8 елді мекен қатысты. Бұл күні жалағаштың қос бірдей ауылы үздіктердің көшін бастады. Елді мекендер бойынша Таң ауылы жеңімпаз атанып 10 млн теңгеге қол жеткізді. Ал тіректі елді мекендер арасында 2-ші орын алған Аққұм ауылына 7,5 млн теңге берілді.
Аудан мерейін тасытқан қос бірдей ауылдың тұрғындарына құтты болсын айтамыз.

“ЖЖ” ақпарат