» » Қызылорда маңындағы қамыс арасынан маугли-бала табылды (видео)

Қызылорда маңындағы қамыс арасынан маугли-бала табылды (видео)

Дұрыс сөйлей алмайтын баланың ешкімі жоқ екенін білген тұрғындар полицияға хабар берген
Үсті-басы кір-қожалақ, киімінің алба-жұлбасы шыққан, ашыққаннан әбден әлсіреп, әрең тілге келген ұл бала кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдеу орталығына жеткізілген. Баланың жасы шамамен, 9-да болған. Ол ұзақ уақыт бойы қаңғып, далада қалған, деп жазады Azattyq Rýhy.  
 
 
«Астана» телеарнасының хабарлауынша, қала маңындағы тұрғындар балаға Маугли деп ат қойыпты. Оны көргенде тамақ беріп, үйлеріне қондырып жүрген екен. Дұрыс сөйлей алмайтын баланың ешкімі жоқ екенін білген тұрғындар полицияға хабар берген.
«Шашы Мауглидікі сияқты иығына дейін өсіп кеткен. Баланы қамыс арасындағы арық ішінде ойнап отырған жерінен таптық. Сұрастыра келе, баланың еш жақыны жоқ екенін, әкесінің мамыр айында қайтыс болғанын анықтадық», – дейді Қызылорда қалалық полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторы Жасұлан Асылбеков.
Бала кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдеу орталығына жеткізілген. Көптеген айлар бойы көше кезіп, қаңғып жүрген бала қалыпты тұрмыстық жағдайға ұзақ уақыт үйренісе алмай жүріпті.
Әріп, сан білмек түгілі, қарапайым жануарлардың суретін сала алмайтын жеткіншек ата-анасының кім болғанын да білмейді. Дегенмен, анасының болғанын армандайды екен.
«Онымен қазіргі уақытта педагог, тәрбиеші, логопед, дефектолог сияқты мамандар жұмыс істеуде. Екі айдан соң жасы 9-ға толады. Бірақ медициналық-педагогикалық комиссия қорытындысы бойынша баланың дамуында ауытқушылық бары анықталды. Оның даму деңгейі мектепке дейінгі баланың жасына сай келеді», – дейді кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдеу орталығының қызметкері Әсем Бекмамбетова.
Владикті қайда орналастыру мәселесін енді кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі сот шешетін болады.
Белгілі болғандай, қаңғыбас баланың анасы Людмила бірнеше жыл бұрын табыс табу үшін Корея еліне кеткен екен. Ұлын бұрынғы күйеуіне қалдырып кеткен, алайда баланың әкесі былтыр қайтыс болыпты.
Қазір Людмиланы ата-ана құқығынан айыру мәселесі қарастырылуда. Бірақ алдымен оның өзін іздеп табу қажет дейді мамандар. 


syrboyi.kz
27 қаңтар 2020 ж. 372 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930