» » Қызылордадағы Наурыз ауданына көгілдір отын 2022 жылы келеді

Қызылордадағы Наурыз ауданына көгілдір отын 2022 жылы келеді

Өткен жылдары Қызылорда қаласы мен 4 аудан орталығы газға қосылды. Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов халық алдындағы есепті кездесуінде аймақ халқының 63 пайызы табиғи газды тұтыну мүмкіндігіне ие болып отырғанын айтты, деп хабарлайды kyzylorda-news.kz.

Өткен жылы Байқоңыр қаласын газға қосу аяқталып, қалған 3 аудан орталықтары – Жосалыда, Тереңөзекте және Жалағашта кентішілік газ желілері құрылысы жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылы осы аудан орталықтары мен Арал ауданы Жақсықылыш кентінің тұрғындары газ тұтыну мүмкіндігіне ие болады.

«Орталық мемлекеттік органдармен бірлесіп 2020 жылы тұрғындар саны 24 мыңдай адамды құрайтын Қазалы ауданының Қазалы қаласы мен Мұратбаев елді мекенін және Шиелі ауданының Байсын, Қодаманов, Бидайкөл, Бекежанов, Алғабас елді мекендерін газдандыру жобаларын іске асыруды бастау мәселелерін пысықтап жатырмыз», – дейді Қуанышбек Досмайылұлы.

Келесі кезеңде тіректі елді мекендер мен серіктес елді мекендер газдандырылады. Атап айтар болсақ, 2021 жылы Төретам және Ақай, 2021-2022 жылдары Сексеуіл, Наурыз және Махамбетов елді мекендері газға қосылатын болады.
Биыл жылдың соңына қарай елдімекендерді газдандыру деңгейін 70 пайызға дейін жеткізу жоспарланған.

19 ақпан 2020 ж. 604 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 760

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930