Қызылорда облысында үш ауысымға өту қаупі туындаған 7 мектеп бар
«Әлеуметтік сала – облыс басшылығы үшін ең басым салалардың бірі». Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов Н. Бекежанов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрында өтіп жатқан облыстың 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы тұрғындар алдындағы есепті кездесуінде баяндады, деп хабарлайды kyzylorda-news.kz.
Облыста 2019 жылы 19 әлеуметтік нысанның құрылысы салынып, олардың 11-і іске қосылған. Ал, қалғандары – осы жылы аяқталады. Алайда аймақта әлі күнге едйін апаттық нысандардың бар екендігі де жасырын емес.
Қазіргі таңда анықталған үш апаттық мектептің екеуінде, атап айтқанда, Жалағаш ауданының Мөрәлі Шәменов атындағы елді мекенінде және Жаңақорған кентінде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Арал қаласындағы №71 апаттық мектептің жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленуде.
Өңірде бүгінде 3 ауысымда оқытатын мектептер болмағанымен, үш ауысымға өту қаупі қалыптасқан жеті мектеп бар.

«Бұл – түсінікті жағдай. Облысымыздың дамуы негізінде халық саны артып жатыр, қосымша мектептер талап етілуде. 2019-2020 оқу жылында екі мыңнан астам бала бірінші сыныпқа артық барды. Бала санының артуы көңілімізге қуаныш ұялатады. Мектеп салу мәселелерін бюджет арқылы, сондай-ақ, мемлекеттік-жекешелік әріптестік бойынша шешудеміз», – деді аймақ басшысы Қ. Ысқақов. Айта кетейік, 2019 жылы жеке инвесторлар есебінен 1450 орынға арналған 3 мектеп салынған. Тағы да 3 инвестор жеке мектеп салуды жоспарлауда.