Қуанышбек Ысқақов: Біздің міндетіміз – Қызылорданы қауіпсіз қалаға айналдыру
Басты міндет – өмір сүру үшін қаланы тек қолайлы етіп қана қоймай, сонымен қатар, қауіпсіз қалаға айналдыру. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов халық алдындағы есепті кездесуде айтты, деп хабарлайды kyzylorda-news.kz.
Ағымдағы жылы Қызылорда қаласының жолдарына 20 зияткерлік жылдамдық өлшеуіштер орнату жоспарланған. Қазіргі таңда облыс орталығында тек қана 6 жылдамдық өлшеуіш жұмыс істеп тұр.
Сонымен қатар облыс әкімі өз баяндамасында қалаішілік автобустарға электрондық билеттеу жүйесі сынақтық режимде қосылғанын айтып өтті. Бұл жоба, қалада ашылған автобус паркінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретіні сөзсіз.
Ағымдағы жылы Қызылорда қаласының жолдарына 20 зияткерлік жылдамдық өлшеуіштер орнату жоспарланған. Қазіргі таңда облыс орталығында тек қана 6 жылдамдық өлшеуіш жұмыс істеп тұр.
«Бұрынғы жылдары жолдар мен көпқабатты үйлер аулаларында 270 бірлік шамасында бейнекамералар орнатқанбыз. Және мұнын оң нәтижесін де көрдік. Қылмыскерлік деңгейінің көрсеткіші тек соңғы жылда 19,5 пайыз төмендеді. Алайда, жол-көлік оқиғасының көрсеткіштерінде айтарлықтай 30 пайыздан асатын өсім байқалады. Бұл ретте, өлімге әкеліп соққан жол-көлік оқиғасы 38 пайыз, жол-көлік оқиғасы барысында жарақат алғандар 22,4 пайызды құрап отыр. Бұл – алаңдатарлық көрсеткіштер», – дейді аймақ басшысы.
Сонымен қатар облыс әкімі өз баяндамасында қалаішілік автобустарға электрондық билеттеу жүйесі сынақтық режимде қосылғанын айтып өтті. Бұл жоба, қалада ашылған автобус паркінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретіні сөзсіз.
«Бюджет қаражаты есебінен де қосымша автобустар сатып алатын боламыз. Биылға 13 автобус сатып алуға 487 млн теңге қаралған», – дейді Қуанышбек Досмайылұлы.