» » Еліміздегі ауруханаларға тек сонда жұмыс істейтіндер ғана кіргізіледі

Еліміздегі ауруханаларға тек сонда жұмыс істейтіндер ғана кіргізіледі

Kyzylorda-news.kz. ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов медициналық ұйымдарда санитарлық-карантиндік шаралар күшейтілгенін мәлімдеді.

«Бүгіннен бастап барлық медициналық ұйымдарда санитарлық-карантиндік шаралар күшейтілді. Ауруханаларда, медициналық-әлеуметтік мекемелерде, қарттар үйлерінде, интернеттарда карантин күшіне енеді. Осы карантин бойынша бұл мекемелерге тек қана сонда жұмыс істейтін азаматтар кіргізіледі, яғни бөтен адамдар аталған орындарға кіргізілмейді. Сонымен қатар сарнитарлық-дезинфекциялық режім күшейтіледі», – деді министр онлайн форматта өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің атап өтуінше, медициналық мекемелерде фото және бейне түсірілімге тыйым салынады.

«Барлықтарыңызды бұл төтенше жағдайда сабырлық сақтауға шақырамыз. Бұл емделетін инфекция екенін білесіздер. Осы орайда қажетті шараларды ұйымдастыру бағытында бізде барлық жағдай бар. Барлық санитарлық жұмыстар қабылданып жатыр. Тиісті сұрақтар бойынша біздің арнайы колл-орталықтағы 1406 нөмірі арқылы және ғаламтордағы сайттар әрі әлеуметтік желілерд бойынша ақпарат алуға болады», – деді Елжан Біртанов.


17 наурыз 2020 ж. 349 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930