» » Қызылорда қаласы: қандай жолдар жабылды?

Қызылорда қаласы: қандай жолдар жабылды?

Қызылорда қаласының айналасына 5 тосқауыл бекеті қойылды. Ақтөбе, Түркістан, Қарағанды облыстары мен Жалағаш ауданы, Айдарлы, Жетікөл, Амангелді ауылдарына баратын жолдар жабылды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі фейсбуктегі ресми парақшасында хабарлады.
"Тек азық-түлік, дәрілік зат, медициналық бұйымдар тасымалдайтын және өнеркәсіптік, ауыл шаруашылығы құрылымдарының үздіксіз қызметін қамтамасыз ететін автокөліктер жіті тексеріліп жіберіледі. Балабақша, базарлар мен азық-түлік өндірмейтін кәсіпкерлік нысандары уақытша жабылады. Қоғамдық тамақтану орындары «Тұтынушыға жеткізу» қызметіне көшеді. Жолаушылар тасымалымен айналысатын қалаішілік автобустардың жүру кестесі шектеледі. Санитарлық нормалардың сақталуы мен азық-түлік қоры ситуациялық орталықта бақыланады", -делінген хабарламада. 
31 наурыз 2020 ж. 688 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 277

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031