5 мамырдан бастап Қызылордада коммуналдық қызметтер үшін 15 мың теңгеге өтінім қабылданады
Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясында қала әкімінің орынбасары Е. Бердібаев мәлімдеді.
Коммуналдық шығындарды өтеу үшін тұтынушылар жеке сәйкестендіру нөмірін, әлеуметтік мәртебесін және жеке шоты туралы ақпаратты көрсете отырып, www.15.epd.kz ақпараттық веб-сайты және 400-700 номерлі байланыс орталығы арқылы ағымдағы жылдың 5 мамырынан бастап сағат 09:00-ден 21:00-ге дейінгі аралықта түскі үзіліссіз, демалыссыз өтініш бере алады.
Қабылданған өтініштерде көрсетілген ақпараттарды тиісті құзырлы органдармен және коммуналдық қызмет көрсетуші мекемелер тарапынан расталғаннан кейін төлем төлеуге жолданады.
Әрбір өтініш иесі берген өтінішінің орындалу барысын www.15.epd.kz ақпараттық веб-сайты арқылы көруге мүмкіндігі болады.
Жалпы, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 2020 жылғы 18 сәуірдегі №212 бұйрығымен бекітілген төтенше жағдай кезеңінде коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің шығындарын өтеу ережесіне сәйкес коммуналдық қызметтерді жеткізушілерде жеке шоттары болған кезде коммуналдық шығындарды өтеуге құқығы бар адамдардың санаты:
1. 1,2,3 топтағы мүгедектер;
2. Мүгедектер, Ұлы Отан соғысының қатысушылары және оларға теңестірілгендер;
3. Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
4. Көп балалы отбасылар (4 бала және одан жоғары);
5. Ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлер;
6. Мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындау кезінде, әскери қызметте, ғарыш кеңістігіне дайындалу немесе ұшу кезінде, адам өмірін сақтауда, заңды және тәртіпті қорғау кезінде қайтыс болған адамдардың отбасы;
7. Атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғыз басты зейнеткерлер.
Шығындарды өтеу жоғарыда көрсетілген адамдардың санатына жүгіну негізінде және карантин енгізілген елді мекендерде ай сайын бір тұтынушыға он бес мың теңге мөлшерінде төленеді. Бұл жағдайда есептеу төлем кезеңінің тұтастығын бұзбай, яғни тиісті айдың бірінші күнінен бастап соңғы күніне дейін жүргізіледі.
Ескертпе:
Егерде абоненттің дербес шоты анықталмаған жағдайда, жоғарыда көрсетілген коммуналдық қызмет көрсетуші мекемелердің жауапты мамандарына хабарласуына болады.
Өтініш білдірген абоненттер өз өтініштерінің қаралу барысын www.15.epd.kz арқылы білуге болады.